Құрылыс жұмыстары қарқынды

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Олар өңірдегі бірқатар инфрақұрылымдық нысандардың жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысты.

Қос министр  алдымен облыс орталығындағы ең үлкен құрылыс нысаны «Болашақ сарайына»  барды. Қазіргі таңда, ғимараттағы құрылыс жұмыстары қызу. Жоба құны 10 млрд теңгеден асып жығылады. Ал,  құрылыс нысаны жанындағы «Хан сарайы» мейрамханасы осы жылы салынды. Төрт залдан тұрады. Ең үлкен зал 360 адамға шақталған. Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің жағалауындағы жұмыстар да аяқталуға жақын. «Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 200-ден астам адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Үлкен жағалауда бүгінгі таңда спорттық алаңдар салынып жатыр. Амфитеатр құрылысы да қарқынды. Кіші жағалау бойынша 402 млн теңге бөлінді. Бүгін де соның 40 пайызы игерілген. Ал, үлкен жағалаудың жоба құны 1 млрд 300 млн теңге. Қазіргі уақытта 1 млрд теңгесі игерілді. Жалпы, құрылыс жұмыстары  75 процентке аяқталды»,– дейді қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Юрий Шидловский. Сонымен қатар, жұмыс тобы «Новопэк» серіктестігінің тынысымен де танысты. Шағын шаһардағы компанияның жылдық айналымы  17 млрд теңгеден асып жығылады. Қазіргі таңда кәсіпорында 1072 адам жұмыс істейді. Жыл соңына дейін олардың қатары тағы 1200 жұмысшымен толықпақ. Сапар соңында арнайы жұмыс тобы облыс орталығындағы жаңа шіркеудің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Діни нысан өңірдің православ христиандарының құлшылық орны болмақ. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы орындалған.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий