Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапарының барысында бiрнеше құрылыс алаңдарында болды. Өңiр басшысына жол, әлеуметтiк инфрақұрылым, тұрғын үй объектiлерi құрылыстарының барысы туралы баяндалды. Қараша айының басында Қылшақты өзенi арқылы өтетiн көпiр пайдалануға берiледi. Жұмыстар екi ауысымда қарқынды жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта құрылысшылар көпiр құрылысындағы күрделi кезеңдердiң бiрiн аяқтауда, судағы екiншi аралық тiректi орнатуда.Сонымен қатар Ғабдуллин көшесiнде, Абай көшесi мен Әуелбеков көшесi шекарасында жол жабынын жөндеу жүргiзiлуде. DSC_8175Жүру бөлiгiн кеңейту, екi жақты жарықтандыру мен тротуар қарастырылған жоба инженерлiк коммуникацияларды – жылудан кәрiзге дейiн ауыстыру қажеттiгiмен жұмысты қиындатып отыр. Көкшетау қаласының әкiмi Амангелдi Смайылов қыстың басына дейiн жолдың төрт жолақты бөлiгi ашылады деп сендiрдi. Өңiр басшысы онкологиялық емхана құрылысын салу мен жеңiл атлетика манежiн реконструкциялаудың барысына оң баға бердi.
Бауыржан Момышұлы көшесi, №58 үйдiң ауласында 5 мың шаршы метр аумаққа асфальт төселедi. Соңғы бiрнеше жылда облыс орталығында көпқабатты үйлер секторында жүзден аса аула жөнделдi. Ағымдағы жылы оннан аса аула аумағы заманауи қалыпқа келтiрiледi. «Көкшетау қаласының аула аумақтарын абаттандыруға Мемлекет қомақты қаржы бөлдi. Бiздiң мiндетiмiз оларды толық игеру, тез және сапалы жұмыс iстеу», – дедi Ермек Маржықпаев және кейiн даулы жағдайлар туындамауы үшiн құрылысшылардан тұрғындардың ұсыныстарын ескерудi өтiндi. Ауданы 1600 шаршы метр және негiзгi ғимаратқа галерея-өткелi бар №1 орта мектеп жапсаржайы орналасатын жердің iргетасының орны дайындалған. Жер асты сулары жақын болуына байланысты құрылысшылар негiзiн орнатып, гидроизоляция жасау-лары қажет. Нысанды тапсыру мерзiмi – келесi жылдың мамыры. Абылай хан даңғылында заманауи тұрғын үй кешенiнiң құрылысы салынуда. Мұнда 700 пәтерге арналған 3 көппәтерлi үй болады. Қыркүйекте 185 пәтерлi үй пайдалануға берiледi, бүгiнгi таңда онда «7-20-25» мемлекеттiк бағдарламасы бо-йынша тұрғын үйдiң 80% жоспар бойынша жүзеге асқан. Облыс әкiмi әрбiр нысанның өңiр үшiн маңызы зор екенiне назар аудартып, мердiгерлер алдына құрылыс қарқынын төмендетпеу мiндетiн жүктедi.

«Көкше ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий