Құрылыс қарқыны қауымдасқанда ғана артпақ

Көкшетау қалалық мәслихаты бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мен қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің бірлескен жиналысы өтіп, онда қаланың, Краснояр селолық округінің, Станционный кентінің 2020 жылғы бюджетінің орындалуы туралы, қалалық жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары жөніндегі мәселелер қаралды. Жиынға Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары У.Бейсенбаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Қалышев қатысты.DSC_2260
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық қаржы бөлімінің басшысы Г.Құсайынова, Красный Яр кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Мақышевтың, Станционный кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р.Темірболатовтың, жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ә.Уәзіровтердің хабарламалары тыңдалды. Хабарламадан түсінікті болғанындай бөлінген мол қаражатты игеру барысында, әсіресе, құрылыс саласында кемшіліктің көп екені анықталды. Осыған орай, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан хабарламашыларға сұрақтар көптеп қойылды. Құрылысшылардың айтуынша құрылыс-тың қарқынды жүруі үшін кірпіштің жетіспеуі, бетон блоктардың жетіспеуі қолбайлау болған. Өйткені, «ЕНКИ» кірпіш зауыты тек қалалық құрылыс бөліміне ғана емес, басқа мекемелерге, жеке тұрғындарға да өз өнімдерін сатады. Сапалы өнімге сұраныс көп. Сондықтан кірпіш жетпейді. Ал, панельді үйлер тұрғызуға қажетті бетон блоктарды тек бір ғана мекеме өндіреді. Сол себепті олардың өнімдері қымбат. Нарық заңы солай. Сұраныс барда баға да жоғары. Құрылыс бөліміне ол баға тиімсіз. Міне, осындай үйлесімсіздік салдарынан бөлінген қаражат дер кезінде игерілмей, уақыт оздыруға жол беріліп отыр.
Мол қаражат бөлінген Красный Яр селосындағы көшелерін жөндеу барысында да қиындықтар көп кезіккен. Біріншіден, бірқатар көшелер тар. Талапқа сай көсілуге шама бермейді. Екіншіден, коммуникация желілері бірқатар көшелердің ортасымен жүргізілген. Оларды зақымдамау үшін көп жұмыс пен шығын қажет болған. Сөйтіп, қаражат игерілсе де кейбір жөндеулер көңілден шықпай отыр.
Осындай мәселелерді жан-жақты талқылай келіп депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері «ЕНКИ» зауытының, бетон блоктарын шығаратын кәсіпорын басшыларымен байланыс жасап, мәмілеге келу, өзара меморандумға қол қоюға тырысу керек деп ұйғарды. Қауымдасып, бірлесіп қимылдағанда ғана құрылыс қарқыны артпақ. Жиынға депутат Ә.Шәрімова төрағалық етті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий