Құрыш қолды шеберлер марапатталды

12 тамызда қазақстандық құрылысшылар кәсіби мерекесін атап өтті. Ақмолалық құрыш қолды шеберлерді құттықтау рәсімі облыстық және қалалық басқармалар мен бөлімдерде Алғыс хаттар табыстаудан басталып, «Достар» мәдениет сарайында салтанатты шарамен жалғасын тапты. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев, қала әкімі Ермек Маржықпаев, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 12 тамызда жастар арасында көшеде ойналатын мәдени-көпшілік және спорттық шараларға арналған бірінші фестиваль өткізілді. Орталық саябақта өткізілген бұл шараға 300-дей адам қатысты. Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль туралы кеңейтілген есепті газеттің келесі нөмірінен оқитын боласыздар.

Алдымен жиналғандар назарына өңірдің құрылыс саласының жетістіктерін паш еткен бейнефильм ұсынылды. Одан кейін облыс әкімінің құттықтауын жеткізген өңір басшысының орынбасары Владимир Балахонцев атқарылған істерді ортаға салды. Соңғы алты жылда «Қолжетімді баспана» және «Аумақтарды дамыту-2020» бағдарламасы аясында 1 705,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Коммерциялық мердігерлер тарапынан 500 мың шаршы метр баспана салынып, 6,7 мың отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл ретте «КГС Сауда», «Алуа строй» серіктестіктері мен «Жақыпов» жекеменшік кәсіпкерлігін ерекше атауға болады. Көкшетаулық құрылыс шеберлері жайлы жылы лебізін қала әкімі Ермек Маржықпаев жеткізді. «Биыл Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт аралығында құрылысшылардың көмегімен еліміз ерекше көркейді. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, ажарландырды. Оның ішінде Көкшетауда бой көтерген мешіт ғимараты ерекше. Бұл қатарға православ храмын, Неке сарайын да қосатын боламыз. Сіздердің арқаларыңызда көкшетаулықтар жаңа пәтерлерде қоныс тойын тойлауда. Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша 31 мың шаршы метр баспананы тапсыру жоспарланып отыр. «Сарыарқа» мөлтек ауданының құрылысы қарқынды жүруде. Ол жерде жас отбастары өзінің түтінін түтетпек, қажетті инженерлік инфрақұрылым өз деңгейінде жасалып жатыр. 900 балаға лайықталған заманауи мектеп құрылысын салуға дайындық басталып та кетті. Дәл осындай толыққанды мөлтек аудан салу сонау 90-шы жылдардың басынан қолға алынған жоқ еді. Бұл біз үшін үлкен жетістік» – деді өз сөзінде қала басшысы. Құрылыс саласының қарқын алуына өз заманында мұрындық болып, қаланың көркеюіне үлес қосқан азаматтардың есімдері ерекше аталды. Олардың қатарында: Асқар Хасенов, Татьяна Савенко, Амангелді Қаймулдин, Айдар Мурзин, Сергей Шафар, Виктор Мартыновтар бар. Ардагерлер әлі де қатарда. Олар өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбиесін беріп келеді. Осы салаға бар ғұмырын арнаған Жұмабай Әміржанов (АП «Импекс» ЖШС), Мұхтар Есенов («СтройТех» ЖШС) және Бек Шәймерденовтер («Эксперт Арсенал» ЖШС) есімдері де өзгелерге үлгі. Бұл күні құрылыс саласының майталмандарына төс белгілер мен алғыс хаттар табыс етілді. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төс белгісіне «Алуа Строй» серіктестігінің бригадирі Сайлау Айтмағанбетов, құрылыс басқармасы жетекшісінің орынбасары Еркін Жүсіп, «ЕвроСтройСервисКокше» серіктестігінің сәулетшісі Юлия Фельчикова, қалалық құрылыс бөлімі жетекшісінің орынбасары Құрманғали Құлмағанбетов ие болды. Осы ведомствоның бірқатар қызметкерлері: бас мамандар Рауан Оспанов, Елена Тарасенко, құрылыс секторының меңгерушісі Әсем Естаупова мен ұйымдастыру-құқықтық секторының меңгерушісі Айбар Сауытбековке алғыс хаттар табыс етілді. Құрылыс жөніндегі Комитеттің құрмет грамоталарына «Намыс» компаниясының бас директоры Сәкен Жұманалин мен «Регион Строй» серіктестігінің директоры Александр Дворцевой ие болды. «Нұр Отан» облыстық филиалы, Көкшетау қалалық мәслихаты, құрылыс қызметкерлерінің, өндіріс және құрылыс материалдарының кәсіподағы да құрылысшыларды құттықтай келді. Салтанатты шара барысында қала әкімі Ермек Маржықпаев «Тұрғын үй- шаруашылықтың құрметті қызметкері» төсбелгісін «Көкшетау Су Арнасы» мекемесінің жетекшісі Зейнұр Әлібековке табыс етті. Концерттік бағдарламаға ұласқан мерекелік кеш көкшетаулық өнерпаздардың және Астана қаласынан келген әншілердің өнерімен әрленді.

«Көкше ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс