Құшағы қуанышқа толы әз Наурыз!

DSC_9063

Халқымыз Жыл басы санайтын, күн мен түнді теңелтіп, дүниені гүлдентіп келетін әз Наурыз мерекесі биыл Көкшетауда жаңаша бір түрге еніп, кең ауқымда, ерекше аталып өтті. Сол күні жауған наурыздың ақша қары да бүкіл алқапқа ақ төсеніш төсегендей әсер етті. Көктен төгілген нұрдай күнмен шағылысып, лағылдай жалтылтаған қар суығы да сезілген жоқ. Келіп қалған көктемге қаһарлы қыс өз өктемдігін өткізе алмағандай. Ал, Наурыз мерекесінің той-думанын қызықтаған қала тұрғындарының қуанышында шек болған жоқ! Олар біресе өтіп жатқан спорттық жарыстарды тамашаласа, біресе ұлттық қолөнер бұйымдарына тамсанып, біресе мың бұралған бишілер мен әншілердің өнерін көруге асықты. Мына суреттер сол 22 нау-
рыз күні Көкшетауда өткен көркем мерекенің көріністері.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий