Үздік еріктілер марапатталды

Ақмола облысында да еріктілер жылының қорытындысы шығарылып, «BIRGEMIZ_AQMOLA» облыстық байқауының жеңімпаздары естелік сыйлықтарға ие болды.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өз сөзінде еріктілердің тынымсыз жұмысының маңыздылығын және олардың пандемиямен күреске қосқан үлесін атап өтті.
Өңір басшысы ізгі ниет елшілерінің бір жылдағы қызметін қорытындылап, «Жыл еріктісі» және «Жомарт жүрек» халықаралық сыйлықтары, сондай-ақ, «BIRGEMIZ_AQMOLA» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. «Жыл волонтері» республикалық байқауының «Үздік волонтерлік ұйым» номинациясы бойынша Есіл қаласының агротехникалық колледжі жанындағы «Әлем» волонтерлік жасағы, «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша «Феникс» волонтерлік орталығының жетекшісі Ербол Амантаев, «Құқықбұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша Степногорск қаласының «Женский луч» ҚБ жеңімпаз атанды. – Барша еріктілерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Атқарылған істер мұнымен аяқталмайды деп үміттенемін, алда да өз қызметімізді жалғастырамыз, – деді жеңімпаз Ербол Амантаев.
Облыстағы волонтерлер қатары 3 мыңнан асады. Төтенше жағдай кезеңінде 900 ерікті еңбек етті.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий