Үлескерлер мәселесі

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов Темірбеков көшесінің бойында салынып жатқан «Отау сити» тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті. Тұрғындар осыдан екі жыл бұрын баспана алу үшін осы үйге қаржы салған. Алайда, мердігерлер ауысқан сайын ПИК жетекшісімен келісімшарт қайта толтырылып отырған. Енді тұрғындар не пәтерге қолы жетпей, не қаржысын қайтара алмай жүр. Құрылыс жұмыстары да ұзаққа созылып кеткен. Олар енді баспана да, қаржымыз да қолға тимей ме деп қорқады. Сотқа жүгініп, процесте жеңіп шыққандары да бар екен. Ал, бүгін шағымдана келгендер 40-тан астам үлескердің базынасын жеткізді. Қала әкімі оларды мұқият тыңдап, сабырға келуге шақырды. Барлық келісім-шарттардың көшірмесін сұраған шаһар басшысы, құжаттармен танысып шыққаннан кейін үлескерлермен қайта кездесетінін айтты.
Бұл күні сондай-ақ, қала тұрғыны Мұрат Біләлов те қабылдауға келді. Ол Землячка 55/4 мекенжайы аумағын абаттандыру жайын қозғады. Қала әкімі әзірге ол жерге жөндеу жүргізілмейді деді. Себебі, биылға жоспарланған аумақтарда жұмыстар жүріп жатыр және бөлінген қаржы ішінара игерілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий