Үмітпен келіп едім…

Қала әкімі Ермек Маржықпаевқа өзінің өтініш-тілегін айту үшін қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындардың бұл соңғы баспалдағы іспетті. Өйткені бұған дейін талай табалдырықты тоздырған. Дегенмен шаһар басшысы бәрінің мәселесін шешеді деуге болмайды. Кезек күттірмейтін жағдайлар табан астында тапсырма берумен түзетіліп жатады. Ал кей мәселелер шыдамдылықты талап етеді.

 Бұл жолы қабылдауға келген тұрғындар жер және баспана жайын қозғады. Мысалы, Красный Яр селосының тұрғыны Әлібекова жеке шаруашылығын жүргізуге учаске бөлуді сұраса, Есмағамбетова жеміс пен көкөніс өнімін облыс орталығында Әуезов көшесінде сатқысы келеді. Алайда жер комиссиясы оның сұранысын қанағаттандырмапты. Өйткені қазір қала бойынша «Есіл» ӘКК қосымша 250 көкөніс павильонын ашуды көздеп отыр. Сондықтан өтінішпен келген тұрғын осы бағдарламаға қатысып, өзінің бизнес-жоспарын жүзеге асыра алады.

Момышұлы 58 үйдің тұрғындары өзінің ауласын абаттандырғысы келеді. Еске сала кетсек, аула аумақтарын жөндеу бағдарламасы біздің қалада 2014 жылдан бері жүзеге асып отыр. Ол кезең-кезеңмен жасалады. 2017 жылға жоспарланған аулаларды жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Енді келесі жылы қаржы бөлінсе, бұл аула да назарға алынады деді шаһар басшысы. Соның өзінде ол арнайы комиссияның шешіміне байланысты болады.

Баспана мәселесімен екі зейнеткер келді. Көпбалалы аналардың перзенттері жетілген. Кезексіз баспана алуға олардың категориясы сәйкес келмейді. Мұндай жеңілдік тек Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жетім балаларға ғана беріледі.

Бүгін әлеуметтік аз қамтылған жандардың саны 4 мыңнан асады. Ал баспана кезегінде 10 мыңнан астам адам тұр. Бұл мәселелер тек заң жолымен ғана шешіледі деді Ермек Боранбайұлы.

Қала әкімінің қабылдауына сал ауруына шалдыққан баласы бар жас келіншек те келді. Қазір үй кезегінде 665-ші болып тұр. Өзі жұмыс істемейді. Шаһар басшысы баланы «Мейірім» атты денсаулығында кінәраты бар балалардың орталығына апаруға кеңес берді. Бала да кәсіби мамандардан көмек алады, анасы да жұмысқа тұрады.

Қабылдау қорытындысы бойынша Ермек Боранбайұлы тиісті қызмет жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың мәселесін егжей-тегжейлі тексеру қажет деді.

 

               Көкше ақпарат 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий