Үш жылдық бюджет қабылданды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті ХVII сессиясында «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» мәселе қаралып, талқыланды.

Депутат Мұрат Түкеевтің төрағалығымен өткен кезекті сессияда қаралған негізгі мәселе – «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатова баяндама жасады. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Тимур Ысқақов осы мәселе бойынша әріптестерінің пікірін білдірді. Сессияда, сондай-ақ, Көкшетау қаласының селолық елді мекендерінде тұрып, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істеуге тілек білдірген мамандарға 2018 жылы көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы, «2016-2020 жылдарға арналған Көкшетау қаласының даму бағдарламасын бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы №С46/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселе қаралды. Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Метаев жергілікті құқық қорғау органының қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысы жайлы есеп берді. Сонымен бірге сессияда «Сот шешімімен танылған коммуналдық меншікке жатқызылатын иесіз қалдықтарды басқару ережесін бекіту туралы», қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы мәселелер қаралып, Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Марат Жүнісов, тұрақты комиссиялардың төрағалары Еркін Исімбаев, Рүстем Қалышев, Жұмабай Әміржанов хабарлама жасады. Көкшетау қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі Берік Мақанов «Көкшетау қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау» жөніндегі жаңа ережені таныстырды. Қалалық мәслихаттың жұмыс регламентіне өзгерістер енгізіліп, келесі сессияның төрағалығына депутат Жанат Әбішев сайланды.

***

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен 15 желтоқсанда «Достар» мәдениет сарайында Тәуелсіздік күніне арналған қала жұртшылығының салтанатты жиналысы болды. Оған ардагерлермен бірге экономиканың және әлеуметтік саланың әр буынында жемісті еңбек етіп жүрген жас ұрпақ өкілдері қатысты. Жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтаған қала әкімі жыл ішінде облыс орталығында жүргізілген біршама басым бағыттағы ауқымды шараларды тілге тиек етті. Қаламызда тұрғын үй құрылысы жылдан-жылға кең қанат жаюда. Коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, атап айтқанда, аулаларды, көпқабатты үй маңдарын абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтауға ерекше мән берілген. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұл ізгі шаралар алдағы жылы да өз жалғасын таппақ. Жиын барысында Ермек Маржықпаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиевке, денсаулық сақтау және білім саласының ардагерлері Сәкен Тұрсынбай мен Екатерина Бузинаға Көкшетау қаласының Құрмет грамотасын тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий