Үш жылдық бюджет қаралды

 

Көкшетау қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы 26-шы кезекті сессиясы өтті. Онда экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекшісі Г. Шұқатова «2019-2021 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» баяндады. Сондай-ақ, ауылдық жерлерге еңбек етуге келген мамандарға жәрдемақы төлемі мен әлеуметтік қолдау жөнінде әңгіме қозғалып, қаланы басқару жөніндегі бұрынғы сызбаны қалдыру туралы шешім қабылданды.

Үш жылға жоспарланған қала бюджеті 29 983,1 миллион теңгені құрайды. Салықтық түсімдер 21 940,3 миллион теңге, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 107 пайызға көп. Салықтық емес түсімдер 120,4 миллион теңге. Негізгі капиталды сатудан түскен қаржы 797,1 миллион теңгені құрамақ. Трансферттер 7 125,4 млн. теңге. 2020 жылдың кірісі 24 097,6 млн. теңге, ал 2021 жылы 23 221,2 млн. теңге болады деп болжамданып отыр. 2019 жылы қалалық бюджеттің жалпы шығыны 30 937,1 млн. теңге болады деп жоспарлануда. Жалпы, бюджеттің әлеуметтік салаға, атап айтқанда білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спортқа 12 204 млн. теңге болады деп жоспарланған. Оның ішінде білімге кететін шығын – 86,3, әлеуметтік салаға – 10, мәдениет, спорт пен ақпараттық кеңістікке – 3,7 пайыз болады деп күтілуде. 79,5 млн. теңгенің трансферттеріне коммуналдық нысандар жөнделеді. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың алдын алуға 5,0 млн. теңге, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке – 134,4 млн. теңге бөлуді жос-парлап отыр. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығысты 68 285,0 мың теңгеге ұлғайтып, оны қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға жұмсау туралы шешім қабылданды.

  «Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий