Үш шағын базар салынады

Аталған шағын базарларда ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдері қойылатын болады. Бұл туралы брифинг барысында «Есіл» ӘЕК басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Жазина мәлімдеді. «Көкше Қамқор» коммуналдық базарында ашылған павильонда көкшетаулықтар тұрақтылық қорының өнімдерін сатып ала алады. Корпорация қызметкерлері өндірушілермен 7 өнім түрін сатуға келісім жасады. Тұрақтылық қоры облыстық бюджет қаржысы есебінен толығып отырады. Қазір «Есіл» ӘЕК павильонынан қарақұмықтың бір келісін 267 теңгеден, күрішті 280 теңгеден, «Көкшетау сүт зауытының» сары майын 2400 теңгеден, атбасарлық «Сочинское» күнбағыс майын (5 литр) 1900 теңгеден, ұнды 110 теңгеден сатып алуға болады. Павильонда алдағы уақытта картоп пен сәбіз де сатылатын болады дейді корпорация өкілдері. Алдағы уақытта аталған компания Көкшетауда үш шағын базар ашуды жоспарлап отыр.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий