Ұлттар кубогы: қазақстандық боксшы қыздар 5 «алтын» алды

Сербияда қыздар арасындағы бокстан «Ұлттар кубогы» Х Халықаралық турнирі мәресіне жетті. Қазақстандықтардың еншісінде – 7 медаль. Атап айтқанда, 5 боксшы қыз алтын медаль еншіледі. Олар: 48 кг Арайлым Марат, 54 кг Дина Жоламан, 57 кг Владислава Кухта, 60 кг Римма Волосенко, +81 кг Ләззат Күнгейбаева. Күміс жүлдеге Гүлсая Ержан, «қолаға» Валентина Хальзова қол жеткізді. Еске салсақ, халықаралық турнирде ел намысын барлығы 9 боксшы қорғаған болатын.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий