Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!

 

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы  12 маусымдағы Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалды. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты бір мереке болмақ. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтініміз жоқ. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Ғасырлар бойы қазағымыздың серігі болып, қиындықта сүйеу, қуанышта көңілінің қанаты болған домбыраға арнайы күн белгіленіп, мадақталуы үлкен қуаныш. Осындай мазмұнға толы мақсатты мереке құтты болсын! Биыл алғаш рет 1 шілде күні тойланғалы отырған Ұлттық домбыра күніне атсалысыңыз. Жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу-асу кезеңдерінен сыр шерткен күй-толғауларға, сыңғырлы сұлу ән-әуендерге құлақ түріп, ойға бөгіңіз, көңіл сергітіңіз. Баршаңызға Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын!

Е.Маржықпаев,

Көкшетау қаласының әкімі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий