Ұлттық идея тәлімі

Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Жаңа сипаттағы жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке – 25 жыл» конференциясы өтті. Конференцияда Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Еркін Исімбаев тәуелсіздік жылдары институттың қол жеткізген жетістіктері жайлы айтып өтті.

Шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Әбжаппаров баяндама оқыды. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры М.Елубаев соңғы екі жылда жүзеге асырылып келе жатқан көптілді білім беру моделінің жұмыс нәтижелері туралы айтып өтті. Аталған жоғары оқу орындарымен алдағы уақытта серіктестікті қамтамасыз ету үшін меморандумға қол қойылды. Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедрасының аға оқытушысы Серік Сұлтанбекұлының баяндамасы Ұлттық идеяны жүзеге асыру тұрғысынан педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдеріне арналды. Қазіргі уақытта педагогикалық қызметкерлердің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында филиалда 5 эксперимент жұмыс істейді: «Кооперативтік оқыту – біліктілікті арттырудың инновациялық моделі», «Lesson study технологиясын пайдалану арқылы оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру», «М.Монтессори жүйесі бойынша мектепке дейінгі балаларды ерте дамыту», «Зияткерлік ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің когнитивтік-өнімдік педагогикалық технологиясы», «CLIL» әдістері арқылы «Көптілділік» бағдарламасын жүзеге асыру». Жыл сайын Ресейдің Самара облысының білім және ғылым министрлігі өкілдері, ЮНЕСКО-ның «Ересектер білімі апталығы» акциясының Ресейдегі үйлестірушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Нина Литвинова сияқты халықаралық серіктестермен бірге білім беру және біліктілікті арттыру жүйесіндегі халықаралық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі және «Ересектер білімі» халықаралық форумы өткізіліп тұрады. 2005 жылдан бері «Сын тұрғысынан ойлау» үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді. Осыған байланысты мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру тәсілдеріне үйрету институт ұжымы жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Институт бүгінгі күні 35-ке жуық қоғамдық-белсенді мектептерді құруға бастамашылық еткен болатын. Аталған бағыттар бойынша оқытудың жаңа тәсілдері туралы ақпаратпен Көкшетау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жания Исмағамбетова бөлісті.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс