Ұлттық халық санағы – маңызы зор мәселе

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Эльдар Әбуевтің төрағалығымен алда келе жатқан ұлттық халық санағына дайындық барысы жөнінде жиын болып өтті. Онда санақ өткізу комиссиясының мүшелері, статистика саласының мамандары, Красный Яр, Станционный кенттерінің әкімдері, сәулетшілер, санақ талаптары, кез болуы мүмкін кедергілердің алдын алу жөнінде пікірлерін ортаға салды.
Э.Әбуев алдымен бұл шараның саяси маңызы, ел дамуына қосар үлесі, оны мұқият, ыждағаттылықпен өткізудің қажеттігі, оны өткізуге үлес қосушылардың жауапкершілігі туралы баян етті. Облыстық статистика департаментінің бастығы Е.Мусина бүгінгі таңдағы дайындық барысынан жалпы хабарлама жасады. Одан әрі сөз негізгі баяндамашы статис-
тика департаменті бастығының орынбасары Е.Амамбаевқа берілді.
– БҰҰ-ның халық санағын 2020 жыл шамасында өткізу туралы Бүкіләлемдік бағдарламасын ұсынған ұсынысына сәйкес ҚР Үкіметі 2019 жылдың 19 маусымында №419 «2020 жылы ұлттық санақ өткізу туралы» қаулы қабыл-
даған еді. Ол құжат бойынша Қазақстан Республикасында кезекті ұлттық санақты 2020 жылдың 1 қазаны мен 30 қазаны аралығында өткізу жоспарланған.
Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстанда 2 мәрте ұлттық санақ өткен. Біріншісі 1999 жылы, екіншісі 2009 жылы. Биылғы санақ: «Қазақстанда әркім маңызды!» деген девизбен өтпек. Бұл жолғы санақтың ерекшелігі – ол онлайн режимде тұрғындарға интернет-сауалнама және планшеттермен сұрақ қою арқылы өтпек. Алғашқы 15 күнде, дәлірек айтсақ, 1 мен 15 қазан аралығында интернет-сауалнама өткізіледі. Онда тұрғындардың өздері санақ парақтарына өзінің және отбасы мүшелерінің мәліметін толтырады. Ол интернет жүйесіндегі sanaq.gov.kz. сайты бойынша жүзеге асады. Сол жерде үлгіге қарауға, виртуалды көмекші қызметіне жүгінуге болады. Сондай-ақ, 1 мен 30 қазан аралығында тұрғындардан жаппай мәлімет жинау жүргізіледі. Интервьюерлер планшеттер арқылы жолданған жауаптарды есепке алып, өтінілген барлық арифметикалық-логикалық амалдар бойынша сауалнамалар жүргізіп, мәліметтерді толықтырады. Ғаламтор арқылы мәліметін ұсынғандар интервьюерлер сауалына тартылмайды. Сауалнама жүргізілгенде азаматтардың ИИН-дері пайдаланылады. Мәліметтердің дәлдігі, тұрғындарды толығырақ қамтуды қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың 31 қазаны мен 7 қарашасы аралығында 10 пайыз қосымша пысықтау жүргізіледі. Ұлттық санақ алдын ала дайындық және негізгі кезеңдерден тұрады. Одан әрі баяндамашы дайындық кезеңінде жүргізілетін жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.
Баяндамадан кейін күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық сәулет және құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ә.Шоманов, облыстық статистика нұсқаушысы Л.В.Локштейн, Красный Яр селолық округінің әкімі Н.Айсин, Станционный кентінің әкімі А.Тасқынбай, «Smart-EX» ЖШС директоры А.Ариновалар сөз сөйледі.

 

Серік САПАРҰЛЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий