Ұлттық құндылықтарды қастерлейік

Көпұлтты Қазақстанда барлық ұлттың өкілдеріне өздерінің салт-дәстүрін, ана тілін ұмытпауға, сақтауға және дамытуға мүмкіндік жасалған. Қоңыр күздің жетегінде келетін Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі – кең-байтақ қазақ даласын тіл салтанаты кернейтін сәт. Көкшетауда да аталмыш мереке жыл сайынғы дәстүрге сай сан алуан шаралармен өрнектеліп, әсерлі атап өтілді. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен өткізілген шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. 

DSC_1802Салтанатты жиында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, жыл ішінде атқарылған істерді шолып өтті. Қандай іс болса да оның нәтижесін айтыңыз. Өз құттықтау сөзінде ол Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, үш тілде білім беру, ұлттық қод және қазақ тілін латын графикасына көшіру сынды байыпты бастамаларын қолдап, этностардың тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, барша қазақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тілдің алар орны ерек екенін атап өтті. Осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттік тілді оқып-үйрену алынбайтын қамал, аса алмайтын белестей көрінетін. Әсіресе, аға ұрпақ өкілдері, орта жастағы кісілер бұл орайда дәрменсіз күй кешетін. Ал, қазір, тіпті өзгеше көрініс, жаңаша көзқарас қалыптасқаны көңілге қуаныш ұялатады. Ол күнделікті өтіп жататын түрлі шаралардан, тұрмыстан да білінеді. Жергілікті телеарналарда өзге ұлттың өкілдері қазақ тіліндегі хабарларды еркін жүргізеді. Өзге ұлт өкілдері іскер мәжілістерде сөйлеп кетпесе де, мерекелік шараларда тілек, қуаныштарын мемлекеттік тілде жеткізіп жатады.
Қазіргі таңда өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Облыстағы 20 оқыту орталығының 18-і қазақ тілі мен ағылшын тілдерін оқытады. Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшалар саны 56-дан 69-ға дейін өсті. Қазақтілді балабақшаға баратын өзге ұлт өкілдерінің саны – 2 мыңнан асса, жалпы білім беретін қазақ мектептерінде 734 өзге ұлт өкілдерінің оқушылары білім алуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың санын 95 пайызға жеткізу міндетін алға қойып отыр. Осыған орай, ол барлық қалалар мен аудандарда тілдерді оқыту орталықтарын ашу қажеттігін айтқан еді. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін облыста тілдерді оқыту инфрақұрылымын жасау жөнінде ілкімді жұмыстар жүргізілуде. «Қоғамдық келісім» үйіндегі «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығында 200-ге тарта 14 ұлт өкілінің балалары тіл үйренуде. Өңірдегі 50-ге жуық этномәдени бірлестіктер жексенбілік мектептер мен мәдени-білім беру шаралары арқылы тіл дамытуға үлестерін қосуда.
Шара барысында елімізде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асуына лайықты үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы, облыстық тілдерді дамыту, білім, мәдениет басқармаларының, Көкшетау қаласы әкімдігінің, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Айталық, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәбит Жәмбек, А.Мырзахметов атындағы шет тілдер және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Наталья Жұмағұлова, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің поляк тілі үйірмесінің жетекшісі Наталья Крупельницкая облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Көрермендер сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өзге ұлт өкілдері арасында алғаш рет ұйымдастырылған «Әнім сенсің – Туған жер!» байқауы жеңімпаздарының гала-концертін тамашалады. Бұл күні астрахандық Александр Аверкеев Үкілі Ыбырайдың «Қалдырғанын» нәшіне келтіріп орындап бергенде залдағылар қошеметі толас-
тамады. Жарқайың ауданынан келген Надежда Коковихина «Айналдым, елім!», Ақкөл №2 орта мектебінің оқушысы Милана Ильчук «Маці земля», сандықтаулық Сергей Пшеничный мен көкшетаулық Анастасия Ушакова «Туған жер» әндерін тарту етті.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс