Ұлттық құндылық – ұрпаққа мұра

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласында да ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Бағдарлама аясында қаладағы білім беру мекемелерінде өткізілген 80-ге жуық іс-шараға 18 мыңнан аса адам қатысты. Бұл тұрғыда әр мектептің өз жоспары бар. «Өлкетану» бағыты бойынша №11 орта мектеп оқушылары өткен жылдың маусым айында ақын Мағжан Жұмабаевтың туған жері – Солтүстік Қазақстандағы Сарытомар ауылына саяхат жасап қайтты. Сондай-ақ, күзгі демалыста 40-тан  аса оқушы Түркістанда болды. «Чайка» балалар сауықтыру орталығында аз қамтылған отбасы балалары үшін демалыс ұйымдастырылды. «Саналы азамат» бағыты бойынша Красный Яр селосындағы №3 агротехникалық колледжінің базасында 6-9 сынып оқушылары үшін күндізгі лагерь жұмыс істеді. «Думан» жасағы экобақта «Номад» шатырлы лагерін ұйымдастырды. «Отаным тағдырым» бағыты бо-йынша №15 орта мектеп «Ерлігімен еленген ер» атты жоба аясында гидрогеолог Айтқажы Қазбековті еске алу кешін өткізді. 600-ден аса мектеп оқушылары «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты көрмені тамашалады. «Қоғамдық келісім» үйіне «Дара жол» жобасы аясында өткен «Кітап – өмір ұстазы» атты диалогтық алаңға 150-ге жуық оқушы қатысты. Қаламызда жас суретшілердің «Бояулар құпиясы» атты республикалық конкурсы өтті.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Астананың 20 жылдығы қарсаңында алғаш рет робототехника және техникалық модельдеу бойынша қалалық конкурс өтті. Оған 23 команда қатысты. «Әулет» мектептен тыс жұмыстар орталығында «Бизнес – балалар үшін» жобасының қорытынды кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Үздік ұланбасы» байқауы да өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, балалардың шығармашылық деңгейін арттыру, адами құндылықтарды насихаттауға арналды.

«Туған жер» кіші бағдарламасы бойынша  патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған 12 тақырыптық жоба жасалды. Былтыр Бұқпа тауының етегінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қара жорға билейік!» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Акцияға 3 мыңға жуық студент, қала тұрғындары мен «ЕNKI», «Гормолзавод», «Новопэк», «Тыныс», «Алтынтау Көкшетау», «Қазақтелеком», «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік тілді дамыту және үштілділік саясатын қолдау мақсатында «Үш бақытым» атты әдеби шара өткізілді. Жобаға Көкшетау, Алматы қалалары мен облыс аудандарының тұрғындары қатысты. «Достар» мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне орайлас-тырылып өткізілген «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты авторлық әндер байқауында жергілікті сазгерлер – Құмарбек Қалқатаев, Ерлан Ташев, Абай Бекмолдин, Жанатқазы Дәмелқазылардың «Қазақстан», «Отан», «Жаса, жайна, Астана», «Сүйікті Көкшетауым» атты әндері шырқалды. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында өткен жылы қала бойынша 397,8 миллион теңгенің 8 жобасы жүзеге асырылды. Осы ретте, балалар алаңы салынып, ойын алаңдары жаңартылды, Красный Яр селосында жекеменшік балабақша ашылып, үш тұрғын үй бой көтерді. Биыл «Гормолзавод» серіктестігінің есебінен 15 миллион теңгеге 3 спорт алаңын салу, «Дизайн Сити» серіктестігінің есебінен 45 миллион теңгеге 15 автобус павильондарын орнату жоспарланып отыр.

Андрей ПОДГУРСКИЙ, Көкшетау қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий