Ұлттың жауһары ұлықталды

Қаланың орталық көшесінде орналасқан жазушы, жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин музейінің дәл іргесінде киіз үй құрылып, ертемен күй күмбірлеп, ән шырқалып жатқанына өткен-кеткен жұртшылықтың таңырқай қарағаны рас. Кейбірі қызық көріп, мерекелік шараны тамашалауға асықты.

Батыр ескерткішінің жанына алтыбақан құрылыпты, кішігірім сахна да жасалған. Музейдің жастары мерекелік шараның бел ортасында жүр. Қазақтың «Бастаңғысынан» бастау алған той-думан, атқа мінген ақынның арнауына ұласты. Ертеде қазақ ауылдарында ата-анасы жол жүріп кеткенде жастар жағы жиналып ойын ойнаған, алыстан ат терлетіп келген ақынын қуана қарсы алған. Осы көрініс алға тартылды. Қазақтың қыран құсы, төбеті мен құмай тазысы да осы жерден табылды. Мерекелік шара әнмен әрленіп, бимен айшықталды. Жастардың арқан тартысы, жілік жару, ақсүйек ойыны жаймашуақ жаздың күнін көз алдымызға елестетіп, қаһарын әлі бергісі келмей тұрған қыстың ызғарын бір мезетте ұмыттырып жіберді. Күн жарқырап тұрмаса да көңілді көктем етті. Бәрінің жүзі жарқын, езуінде күлкі. Жағалай тамашалап отыр-
ған көпшілікке қазаннан жаңа түскен наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Кәдімгі қазақ ауылындағы той-думан. Қыз бен жігіттің айтысы мерекенің ажарын кіргізді. Бір-бірін қағыта сөйлеген екі жастың әзілі жарасымды-ақ. Тамашалауға келгендер де жас ақындардың астарлы қалжыңдарына жарқырай күліп, қошеметпен қолдау білдірді. Шара барысында Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыратын шараларды бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде үзбей жария-
лап, насихаттап жүрген журналистер мен фототілшілерге алғыс хат табыс етілді. Жиналғандарды облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының атынан Ғосман Төлеғұл, музей директоры Құдайберлі Мырзабек құттықтады. Киіз үйдің ішіне ақ дастархан жайылып, мейрам соңында астан дәм татылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс