Ұлттың ұлы мұраты

Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына бір жыл толуына орай «Саналы қоғам – сапалы даму» тақырыбымен ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Оның жұмысына ҚР Парламент Сенатының депутаты Жеңіс Мирасұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры Ерлан Арын, аталған оқу орнының Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Абдығалиев қатысты.

Шара аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, қатысушыларға смартфон және планшеттерге «Qazaq Latyn Keyboard» латын қаріпті қазақша пернетақта жобасы таныстырылды.

Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары табысты жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды. Өңірде 2018-2019 жылдары әлеуметтік бағыттағы жеке бастамалардың шеңберінде 34 іс-шара жоспарланған, жеке инвесторлармен әлеуметтік нысандар құрылысы бой көтермек. Айталық, Целиноград ауданында жалпы соммасы 1 миллиард 212 миллион теңгеге 3 жаңа мектеп, 2 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, 948,7 миллион теңгеге 2 жаңа балабақша құрылысы жоспарланған. 2017 жылы Қорғалжын ауданында өңірге ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу мақсатында орнитологиялық орталық ашылды. Облыста жалпы білім беру мектептерінің 5-7 сынып оқушылары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде «Өлкетану» оқулығының жобасы әзірленген.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін «Заречный» ЖШС директоры Уәлихан Әріпов, «Костычев» ЖШС директоры Балғабай Қабжанов, «Көкше Жемчуг» ЖШС директоры Қанат Жакенов, «BI Group» ЖШС директоры Бауыржан Исабаев, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Елена Дмитриенколар Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Жалпы, рухани жаңғыру өзіміздің озық ұлттық дәстүрлерімізге бет бұрып, төл арнамызға – қазақтың өзіндік ұлттық даму жолына түсу екендігін атап өтті спикерлер Ж.Нұрғалиев, А.Башмаков, Б.Абдығалиев. Ерлан Арын өз баяндамасында әр өңір ауқымды бір жобаны жүзеге асыруға тиіс екендігін атап өтті. Еліміздің әр өңіріндегі Ш.Уәлиханов атындағы мектеп өкілдерінің қатысуымен  киелі Көкше жерінде ғылыми конференция өткізілсе деген ұсынысын жеткізді. Конференцияда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Александр Кинцель, жеке кәсіпкер Құралай Түсіпбекова, ақын Қуаныш Оспан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысты пікірлерімен бөлісті.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий