«Ұлы дала рухы» фестивалі

Алматы облысының Талғар ауданындағы Іле Алатау ұлттық паркінде «Ұлы дала рухы» халықаралық этнофестивалі болды. Алматы қаласының бір мың жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени бұл шараға Ақмола облысының да делегациясы қатысты.
Қазақтар мен түркі әлемінің мәдени құндылықтарын насихаттау, жастарды отаншылдық және мемлекет тарихына құрметтеушілік білдіру рухында тәрбиелеу, туризмді өркендетуге бағытталған фестиваль аясында көкпар, бүркіт және қаршығамен аң аулау, садақ тарту жарыстары өткізілді. Сондай-ақ, өнерпаздар ел тарихында айшықты орын алған тарихи оқиғалардан көріністер қойды. Қазақтың ұлттық тағамдарын жасаушылар да өз шеберліктерін танытты. Фестивальға қатысушылар арасында Венгрия, Германия, Түркия, Қытай, Украина, Ресей және Қырғызстаннан келген қонақтар да көп болды. Ақмола облысы туризм басқармасының жетекшісі Шынарбек Батырхановтың айтуына қарағанда, «Ұлы дала рухы» фестивалінен алған әсері мол екен. Бұл жолы біздің делегация мүшелері форум жайлы көптеген фотоматериалдар жинақтады. Мұның бәрі келер жылы «ЭКСПО-2017» фестивалі кезінде шетелдерден келетін меймандарды қарсы алу бағдарламасына енгізіледі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс