Ұлы ерлікке тағзым мен құрмет!

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығы құрметіне Көкшетау қаласындағы Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында, «Мәңгілік алау» монументі жанында мерекелік шаралар өтті. Оған Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, соғыс және еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, депутаттар қатысты.

DSC_5272

Биылғы Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесі Көкшетау қаласында кең ауқымда атап өтілді. Ал, бұл мейрамның бір ерекшелігі – 66 батыр ақмолалықтардың есімі жазылған аспан түстес ленталардың таратылуы болды. Ұлттық нақышпен бедерленген «Жеңіс ленталарында» жерлестеріміз Кеңес Одағының Батырлары Талғат Бигелдиновтың, Мәлік Ғабдуллиннің, Сағадат Нұрмағанбетовтың, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың және тағы басқа жауынгерлердің есімдері алтын әріптермен жазылды. Лентаның жиегіне қазақстандықтардың батылдығы мен ержүректігін бейнелейтін орден салынған. Лентаны жүректің тұсына, орама белгісінде тағу қажеттігі де айтылды.

DSC_5498

Соғыстың зардабын тартпаған отбасы кемде-кем. Бірінің атасы, бірінің әкесі, енді бірінің бауыры ұрыс даласында көз жұмды. Қаншама жерлесіміз жат жерде бауырластар зиратында мәңгі тыныстады. Ал, қаншама боздақ із-түзсіз жоғалды. Олардың қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. Сондықтан жүздеген көкшетаулықтар «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қоюға арнайы келеді. Жалпы, Ақмола облысынан қан майданға 89 867 адам шақырылып, соның 31 169-ы ғана елге оралыпты. Қазір өңірде 115 қарт майдангер бар. Ұлы Жеңіс мерекесіне дайындық бірнеше күн бұрын басталған. «Мәңгілік алау» мен «Даңқ» аллеясы қалыпқа келтіріліп, абаттандырылды. Ал, мейрамға бір күн қалғанда әскери шатыр тігілді. Бұл дәстүрлі түрде жасалатын шара. Соғыс жылдары сарбаздардың дала кухнясы олардың тынығып, күш жинап, жауға қайта тойтарыс беруге рухтанатын орны. Бұл жерде Отан, туған жер, туған топырақ жайлы әндер шырқалады. Дәл осы жерден жауынгерлерге берілетін арнайы тағамдардан дәм татсаң, өзіңді кәдімгі майдан даласында жүргендей сезінесің. Оның қасиеті де осында. Биылғы Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты шараны Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Бәрі жоғары деңгейде болды. Қалан Қайырова Жеңіс мерекесін тағатсыздана күтеді. Өйткені, әкесі Қайыр Махамбетов 1941 жылы Ленинград майданына алынып, содан хабарсыз кеткен. Әлі күнге дейін әкесі жайлы еш дерек жоқ. Тек қан майданнан жеткен бір ғана хат көңілге демеу. Биыл да Көкшетау қаласының тұрғыны ертемен тұрып, әкесінің рухына құран бағыштап, қолына үлкейткен суретін алып, алаңға беттеді. Абай көшесінің бо-йында «Мәңгілік полк» шеруіне қатысатындар жиналатынын құлағы шалған. Соғыстың зардабын тартпаған отбасы кемде-кем. Бірінің атасы, бірінің әкесі, енді бірінің бауыры ұрыс даласында көз жұмды. Қаншама жерлесіміз жат жерде бауырластар зиратында мәңгі тыныстады. Ал, қаншама боздақ із-түзсіз жоғалды. Олардың қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. Сондықтан жүздеген көкшетаулықтар «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қоюға арнайы келеді. Жалпы, Ақмола облысынан қан майданға 89 867 адам шақырылып, соның 31 169-ы ғана елге оралыпты. Қазір өңірде 115 қарт майдангер бар. Ұлы Жеңіс мерекесіне дайындық бірнеше күн бұрын басталған.

DSC_5455«Мәңгілік алау» мен «Даңқ» аллеясы қалыпқа келтіріліп, абаттандырылды. Ал, мейрамға бір күн қалғанда әскери шатыр тігілді. Бұл дәстүрлі түрде жасалатын шара. Соғыс жылдары сарбаздардың дала кухнясы олардың тынығып, күш жинап, жауға қайта тойтарыс беруге рухтанатын орны. Бұл жерде Отан, туған жер, туған топырақ жайлы әндер шырқалады. Дәл осы жерден жауынгерлерге берілетін арнайы тағамдардан дәм татсаң, өзіңді кәдімгі майдан даласында жүргендей сезінесің. Оның қасиеті де осында. Биылғы Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты шараны Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Бәрі жоғары деңгейде болды. Қалан Қайырова Жеңіс мерекесін тағатсыздана күтеді. Өйткені, әкесі Қайыр Махамбетов 1941 жылы Ленинград майданына алынып, содан хабарсыз кеткен. Әлі күнге дейін әкесі жайлы еш дерек жоқ. Тек қан майданнан жеткен бір ғана хат көңілге демеу. Биыл да Көкшетау қаласының тұрғыны ертемен тұрып, әкесінің рухына құран бағыштап, қолына үлкейткен суретін алып, алаңға беттеді. Абай көшесінің бо-йында «Мәңгілік полк» шеруіне қатысатындар жиналатынын құлағы шалған.
Солардың қатарына қосылмақ. Көп ұзамай-ақ қолдарында майдангерлердің суреттерін ұстаған көкшетаулықтар келе бастады. Бірте-бірте олардың қатары қалыңдай түсті. «Мәңгілік полк» шеруіне қатысуға ниет білдірушілер қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Биыл олардың саны 3 мыңға жуықтады. Қан майданда жауға сүйем жерді бермеу үшін жан алысып, жан беріскен батыр аталарының суреттерін үлкейтіп, аялай ұстап, көшеге шыққан көкшетаулықтар олардың рухына тағзым етеді. Шеруге қатысушылар асықпай аяңдап, Кеңестер Одағының Батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, «Мәңгілік алауға» беттеді. Оларға құрмет білдірушілер де көп. Тіпті, кішкентай балалар да сұм соғыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанын жақсы түсініп қалған. Жүректері лүпілдеп, сабырлы да салмақты қалыпта жүр.
«Мәңгілік алау» жанына денсаулығы жақсы майдангерлер мен тыл ардагерлері келіп жатыр. Ал, үйінде төсек тартып жатқандары қаншама. Олар Жеңіс мерекесін тағатсыздана күтеді. Өйткені, сонау сұрапыл жылдары әр таңды осы тілекпен атырған. Жаумен шайқаса жүріп, күн сайын Жеңісті жақындата түскен. Бірі майдан даласында Отан үшін от кешсе, бірі егіс басында, фабрика-зауыттарда Отан үшін еңбектенді. Облыс және қала басшылары тәуелсіздік алаңына беттеді. Бұл жерде әскери әндер байқауына қатысушы взводтар сап түзеп, әуелете әндетіп, жүріп өтті. Өңір басшысы Мәлік Мырзалин жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтады. Бізге бейбіт өмір сыйлаған майдангерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Жылдар өткен сайын жаңғыра түседі. Сондықтан батырлықтың үлгісі бола білген жандарға тағзым да ерекше. Орталық саябақтың бойында әскери әндер инстоляциясы мен Жеңіс мерекесі айшықталған белгілер ерекше көз тартады. Биыл Тәуелсіздік пен Абылай хан алаңдары Жеңіс мерекесіне ерекше безендірілді. Отты жылдардан елес беретін «Жеңіс», «Победа» деген қызыл түсті әріптермен жазылған сөздер алыстан мен мұндалайды. Алаңның бойы гүлдермен көмкерілген.
Облыс және қала басшылары Тәуелсіздік алаңынан Абылай хан алаңына жүріп өтті. Бұл жерде «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар!» – атты театрландырылған көрініс алға тартылды. Ел басына күн туғанда жерін жаудан қорғау үшін қан майданға аттанғандардың туғандарымен, халқымен қоштасып кетіп бара жатқанын бейнелеуі жүректерді лүпілдетіп, көзге жас алдырды. Алаңға арнайы әкелінген ретро-көліктерге мінген олар Тәуелсіздік алаңына беттеді. Одан әрі музыкалық-хореографиялық композицияның өн бойында ұлын қан майданға аттандырған ананың, жарын соғысқа жіберген арудың жан айқайы бейнеленді. Ал, Жеңіс мерекесі келгендегі көңіл-күй ерекше берілді. Аспанға шарлар ұшырылып, бейбіт өмірдің келгенін жариялап тұрды. Аспанға бөркін атырып қуанған сарбаздар, күні-түні егіс даласында, фабрика-зауыттарда тынымсыз еңбектенген жандардың көз жасы, бәрі-бәрі композиция барысында бейнеленді. Осы шараға көкшетаулық 1200 өнерпаз тартылды.
Жеңіс мерекесіне арналған митинг «Мәңгілік алау» басында диктордың жалынды сөздерімен басталды. Бұл жерде асқақтаған әуен, әскери әндер адамды рухтандырмай қоймайды. Омырауы орден мен медальға толған қарт майдангерлерге құрмет ерекше. Олардың биік рухы, қайсарлығы тәнті етеді, антына адалдығы бас игізеді. Митингте сөйленген сөздер Отан үшін от кешкен боздақтардың тарихқа мәңгі қатталып, алтын әріптермен жазылған есімдерін айшықтай түскендей. Бір минут үнсіздік жарияланып, майдан даласында мерт болғандардың рухына тағзым етілді, аспанға бірнеше дүркін оқ атылды. Жүректі тебірентер өлең сөздері оқылып, бейбітшіліктің белгісі ақ көгершіндер әуеге ұшырылды. Ал, дала кухнясында қарт майдангерлер мен еңбек ардагерлеріне әскери тәртіп шеңберіндегідей сарбаздардың асы ұсынылды. Облыс және қала басшылары да дәм татып, ардагерлермен шүйіркелесті. Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар қас қарайғанша жалғасты. Жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынды. Ал, кешкі 22.00-сағатта айшықты мерекенің белгісі – отшашу Көкшетаудың аспанын нұрландырды. Бұл – Жеңіс мерекесі, бұл – жеңімпаз елдің мерекесі.

Гәкку Асылбекқызы.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс