Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен ЕЕА

Бұл жағдай 75 жыл бойы айтылып та жазылып та жүр. Мен оған жаңалық айтам деген ой жоқ, тек өз білгенімді оқырманға әлі де болса есіне салу мақсатында қолға қалам алдым. Мұндай соғыс тарихта бұрынды-соңды болмаған. Фашистік Германияны билеген Гитлердің қолында бүкіл Европаның халқы мен байлығы болды. Ол советтік мемлекетті жоймақ болып көп дайындалды, күш-қуат жинады. 190 дивизия, 5,5 миллион адамы болды. Ал, кеңес елі соғыстың болатынын сезіп жай жатпады, 1941 жылдың июнінде 5,4 миллион адамы болды, соғысқа қатынасатын. Осы соғыстағы жеңіс Кеңес өкіметі халықтарының бірлігін, ерлігін жер жүзіне паш етті! Бұл жойқын соғыста 20 миллион адам қаза болды. Қазақстандықтар соғысқа қатысқандар, жеңіс үшін елде еңбектенген ардагерлер, әкелеріміз, шешелеріміз, апалар жұмған жұдырықтай еңбек етті, үйтпесе жеңіс болар-болмасы екі талай еді. Жеңіс үшін елде еңбектенген біздер 13, 14, 15 жастамыз, күннің қараңғысына дейін жұмыс істеп соғыстағыларға азық-түлік дайындаумен, ал апалар, әжелер киім-кешек тігіп жауынгерлерге жіберумен болды. Соғысқандармен бір жүрек, бір тілекте болдық. Біздер 1942 жылдың май айынан бастап полевойға кірісіп кеттік, содан 1.08.1946 жылға шейін «Алғабас» колхозында еңбек еттік, бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев атындағы ауданда, Мұқұр ауылы. Соғысқа 140 адам аттанып содан 39-ы елге оралды, Мұқұрда мемориалдық ескерткіш орнатылды. Қазақстан Прокуратура қызметкерлері соғысқа аттанды, соғыс басталысымен август айы 1942 жылдан 885 қызметкерден 411 адам қару алып жаумен айқасты. Айта кетсем: Бауыржан Момышұлы – халық батыры, 1932 жылы прокурордың көмекшісі, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы аудан прокуроры, Батыр атағы берілді. Мұса Баймұханов – халық тергеушісі, Атырау облысы, Мақат ауданы Батыр атағы берілді. Нүркен Әбдіров – халық тергеушісі, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы Батыр атағы берілді. Әбдужаббаров Садық – 1925 жылы Шымкент облысының Алғабас ауданында дүниеге келген, Батыр атағы 22.07.1944 ж. берілді. Соғыстан оралып 1995 жылы Петропавл қаласында прокуратурада қызмет атқарды. Шүреев Сатан Шүрейұлы – 1942 жылдың декабрінде соғысқа аттанды. Гурьев облысы облпрокуратурасында 42 жыл қызмет атқарды, Қазақстанға еңбегі сіңген заңгер. Қадыр Нұржанұлы Нұржанов – 1940 жылдан прокуратурада Мақат ауданы, Гурьев облысында тергеуші, аудан прокуроры, төрт ауданда барлығы 36 жыл сол органда еңбек етті. Сейітов Өтеген Сейітұлы – Ұлы Отан соғысына қатысқан, 1923 жылы Шымкент облысында туған. 20 жылдан астам прокуратурада қызмет атқарып, Қазақстан Республикасының прокуроры лауазымында 18 жыл, атағы І-дәрежелі әділет мемлекеттік кеңесшісі (генерал-полковник). Өтеген Сейітұлы 2, 3, 4-Украина фронттарында неміс фашистерінің қол астынан Румыния, Болгария, Югославия, Австрия, Венгрия территорияларын босатуға қатысып, 1945 жылдың ноябрь айында гвардия лейтенанты атағымен елге оралды, денсаулығы жағдайымен. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегімен төмендегі жоғары ордендерімен, «Отан соғысы» І-дәрежедегі, «Қызыл Жұлдыз» және медальдарымен марапатталды. Кейінгілерге «Өмір өткелдері» кітабын жазды, кітап Қазақстан Бас Прокуратурасының мұражайында. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс мерекесіне күш-жігермен келген ардагер-фронтовиктер үлкен сүйіспеншілікпен елде қоғамдық өмірге атсалысып, ардагерлер ұйымдарында еңбек етіп, немере, шөберелерін тәрбиелеуде. Олар өздерінің естеліктерін жазуда: Дүйсенов Сапар Дүйсенұлы (2020 ж. өмірден озды), Куропятник Анатолий Никифорович. Мен де сол қатардамын.

Қазақстан Прокуратура органдарында майдангерлер қызмет атқарды:

Жампейісов Хасен Жампейісұлы,

Лепихин Иван Агафонович,

Баймбетов Әбдіманап Баймбетұлы,

Абдуллин Шамиль Хабибұлы,

Будан Евгений Владимирович,

Елемесов Жармедет,

Орлов Владимир Васильевич,

Құлахметов Өмірзақ,

Юдин Константин Иванович,

Юшкина Мария Ивановна,

Лазоренко Николай Григорьевич,

Кобебаев Илья Петрович,

Помигалов Михаил Иванович,

Данилов Михаил Никифорович,

Семенов Владимир Иванович,

Петров Николай Иванович,

Сабалиев Бейхон Сабалиұлы,

Шеймұхамбетов Бекмұханбет Шермұханбетұлы,

Медеуов Идрис Медеуұлы,

Түлкібаев Қанибек Түлкібайұлы.

Менің білетін ардагерлерім (ҰОС және ЕЕА):

  1. Дүйсенов Сапар Дүйсенұлы – 1924 жылы СҚО туған, соғыс ардагері. 1942 ж. армияға шақырылды, оңтүстік батыс фронтында 1-мотоатқыштар корпусында болып, 1943 жылы бір ауыр шайқаста ажалдан аман қалды, жас адам ғой. 1949 жылы заң мектебіне түсіп, оны бітіріп, адвокат, одан соң прокуратурада істеп облпрокурордың 1-ші орынбасарына дейін көтерілді, 36 жыл еңбек етіп, зейнетке шықты, Алматыда тұрып жатыр. «Ғибратты ғұмыр» кітабын жазып, Бас Прокуратура мұражайына тапсырды. 2020 жылы көктемде көз жұмды. Орден, медальдары бар, «Отечественная война», басқа да орден, медальдар.
  2. Мақтаев Қайролла – 1925 жылы Алматы облысында туған. Соғыс ардагері, прокуратурада 25 жыл еңбек етіп, қазір Қарасай ауданы жоғарыда аталған облыста тұрады, орден, медальдары бар. «За отвагу», «Украинаны азат еткені үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін» медальдары.
  3. Гапич Иван Степанович – 1923 жылы Ақмолада туған, соғыс ардагері, Белоруссия, Литваны азат еткен, ордендер, медальдары бар. 1951 жылы Алматы заң институтын бітіріп облпрокурор лауазымына дейін көтерілген, қазір Орал облысында тұрып жатыр, «Қызыл Жұлдыз», 1-дәрежелі «Отан соғысы», 3-дәрежелі «Слава» ордендері бар.
  4. Куропятник Анатолий Никифорович – 1928 жылы Атжамка селосында туған, Кировоград облысы, (полк баласы), Ұлы Отан соғысының ардагері, Украина, Молдавия, Румыния, Польша, Германияны азат етуге қатысқан. 2-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Ерлігі үшін» медалі, Жоғарғы Бас қолбасшы В.И.Сталиннің құттықтау хаты бар. Прокуратура саласында облыс прокуроры лауазымына дейін көтерілген, атағы 3-сыныптағы Әділет мемлекет кеңесшісі, органда 43 жыл еңбек еткен, Астана қаласында тұрады.
  5. Соколов Николай Иванович – 1925 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған, соғыс ардагері. Прокуратурада 33 жыл еңбек еткен, Краснодар қаласында тұрады. Облпрокурордың орынбасары қызметін атқарған.
  6. Жарылқасымов Қалу Дәрібайұлы – 1929 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сарыбұлақ селосында туған. 1951 жылы заң институтына түсіп бітірген, 1953 жылдан прокуратурада тергеуші, аудан прокуроры, т.б. көптеген лауазымдарды атқарып, 1992 ж. зейнеткерлікке шыққан, аға әділет кеңесшісі, тылда еңбектенген ардагер (ЕЕА).
  7. Бекболат Сәдуақасұлы (Сәдуов) – 1928 жылы Мұқұр ауылында Ғ.Мүсірепов ауданы, СҚО дүниеге келіп, ҰОС кезінде 1942-1946 ж. жеңіс үшін «Алғабас» колхозында еңбек еткен. Прокуратурада жалпы 43 жылдан астам еңбек етіп, 1990 ж. зейнетте, шығармашылықпен айналысып 14 том кітап жазып, еңбектері СҚО, Ақмола, Қостанай облыстары және Бас прокуратура мұражайлары мен кітапханаларына таратылған.
  8. Зинченко Зинаида Порфирьевна – 1928 жылы Омбы облысы, Павлолар ауданында туған. 1953 жылы Алматы заң институтын тәмамдап, прокуратурада 1963-1984 жылдар аралығында қызмет атқарған, елде еңбектенген (тыл) ардагері, тұрағы Алматы қаласы.
  9. Әбдірахманов Ақаш – 1931 жылы Павлодар облысының тумасы, Алматы заң институтын 1952 жылы бітіріп, прокуратурада 40 жыл, елде еңбектенген ардагер, өмірден озды. Әділет мемлекеттік кеңесшісі (генерал).
  10. Жорабаев Мүсәлі – 1929 жылы туған, еңбек жолын 19 жасында бастаған, тыл ардагері, 1946-1950 жылдары заң институтын тәмамдап, 44 жылдан аса прокуратурада қызмет атқарған, қазір ол жас заңгерлерге, кейінгі жастарды тәрбиелеуге атсалысуда.
  11. Фалеев Дмитрий Никифорович – 1928 жылы Алтай аймағында туған. 1950 жылы Алматы заң институтын тәмамдап, прокуратурада Петропавл қаласында СҚО, Павлодар облыстарында облыс прокуроры лауазымдарын атқарған, атағы 3-дәрежелі әділет мемлекет кеңесшісі, тыл ардагері, қазіргі тұрағы Павлодар қаласы.
  12. Гиненко Иван Иванович – Коноваловка селосы, Шал ақын ауданы, СҚО тумасы. 1956 жылы Алматы заң институтын тәмамдап прокуратурада көптеген салаларда лауазымды қызмет атқарған, атағы 3-дәрежелі әділет мемлекет кеңесшісі, тыл ардагері.
  13. Әшірбеков Жанболат Әлиакбарұлы – 1926 жылы туған. Ақмоланың Ерейментау өңірінің тумасы, атағы кіші әділет мемлекет кеңесшісі, соғыс ардагері, тұрағы Алматы қаласы.
  14. Бектанов Кәрібай Қанапияұлы – 1935 жылы туған. Түмен облысы, Шербаковка селосында, кейін СҚО-да әке-шешесімен тұрған, Қазақ университетін бітіріп заңгер атағымен 1961-1995 ж.ж. СҚО прокуратурада ірі лауазымдар атқарған, аудандар прокуроры, 20 жылдан астам заңда, көптеген атақтары бар. ҰОС жылдарында елде еңбектенген ардагер.
  15. Жақыпов Сапар – 1933 жылы туған. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қарагін ауылының тумасы, Алматы заң университетін бітіріп 1962 жылдан прокуратурада әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған, тергеуші, аудан прокуроры, ҰОС кезінде елде еңбектенген ардагер.
  16. Шедловский Иван Ефимович – 1920 жылы туған. СҚО, Коволь селосы, Мамлют ауданында, ҰОС ардагері, прокуратурада 1946-1972 жылдарға дейін, тергеуші, аудандар прокуроры, СҚО қызметтерін атқарған, көптеген ордендер, медальдармен марапатталған, қазір арамызда жоқ.
  17. Қожахметов Қойшыбай Қожахметұлы – 1922 жылы Ақмола облысында туған, ҰОС ардагері, аудандар прокуроры лауазымдарын атқарған, қазір арамызда жоқ.
  18. Гудимов Николай Петрович – 1923 жылы туған. Ақмола облысы, Славянка селосының тумасы, соғыс ардагері, ордендер, медальдары бар, прокуратурада 1957-1963 жылдары тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Көкшетау облысында, 1963 жылы Щучинск қалалық халық сотының судьясы, дүниеден озған.
  19. Мұрзахметов Қанапия Мұрзахметұлы – 1917 жылы туған. Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданының тумасы, соғыс ардагері, прокуратурада 1947-1978 ж. тергеуші, облпрокурордың кадр бөлімінің көмекшісі, көптеген медальдардың иегері, өмірден озы.
  20. Новоселов Владимир Николаевич – 1925 жылы Ақтөбе облысы, Бурабай селосы, Меңдіғора ауданының тумасы, ҰОС ардагері, орден, медальдары бар. 1955 жылы прокуратурада тергеуші, облпрокурордың кадр бөлімінің көмекшісі, 1958 жылы өмірден озды.
  21. Сағынов Хаким Сағынұлы – 1925 жылы туған. ҰОС ардагері, Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны азат етуге қатысқан, орден, медальдармен марапатталған. Көкшетау облпрокуратурасында 1975-1986 жылдары еңбек еткен, 2001 жылы өмірден озды.
  22. Ильясов Әміре – 15.05.1920 жылы Бірлік колхозы, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келген, ҰОС ардагері. 1942-1945 ж.ж. үшінші Белоруссия фронтына қатысқан. 1950 жылы Алматы заң институтын тәмамдап, Көкшетау облысының Қызылту, Щучинск қала, аудандарында прокурор, облпрокуратурада облпрокурордың көмекшісі, Қарағанды облысының Теміртау қаласында қала прокуроры, кейін қорғаушы қызметінен зейнетке шығып, 1970 жылы өмірден озды.
  23. Әміржанов Сұлтанбек Әміржанұлы – 1923 жылы туған. Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Нұрмамбет ауылының тумасы. 1944 жылы КГБ басқармасында қызметте, Белоруссия, І-Прибалтика фронттарында диверсанттармен күресте болған. 1950 жылы Алматы заң мектебіне түсіп, 1952 жылы прокуратура саласында тергеуші, 40 жыл сол салада еңбек еткен, атағы аға әділет кеңесшісі, прокуратураның құрметті қызметкері, өмірден 16.09.2006 жылы озды.
  24. Галиев Рахымжан – 1923 жылы туған. СҚО, Совет ауданының тумасы, 1942-1945 ж.ж. соғыс ардагері, орден, медальдармен марапатталған. 1947 жылы прокуратурада халық тергеушісі, атағы кіші заң кеңесшісі, 1959 жылы облпрокурордың көмекшісі болып істеді, 1977 жылы өмірден озды.
  25. Кенжетаев Кәрім – 1924 жылы туған. Еңбекшілдер ауданы, Көкшетау облысының тумасы. 1942 жылы ҰОС қатысқан, 1943-1945 жылдары Алматы екі жылдық заң мектебін бітіріп, 1951-1954 жылдары Семейдің Шұбартау ауданының судьясы, 1956-1962 жылдары Қазақ университетін тәмамдап, сол жылы Көкшетау облысы, Қызылту ауданының прокуроры болды, 1966 жылы босаған. Медальдары бар, өмірден озған.
  26. Рахмедьянов Әшім Сақыпұлы – 1919 жылы туған. ҰОС ардагері, ордені, медальдары бар. Көкшетау облысы, Володар ауданының прокуроры қызметін атқарған, өмірден озды.
  27. Төлепбергенов Жұмабай – 1916 жылы туған, СҚО тумасы. Прокуратурада халық тергеушісі – VI-1941 жылы, ҰОС ардагері. Румыния, Венгрия, Чехословакия, Австрияны азат етуге қатысқан, «Қызыл Жұлдыз» ордені, медальдары бар. Прокуратурада 29 жыл еңбек еткен, оның 20 жылы Көкшетау облысында. 25.Х.1976 жылы өмірден озды.
  28. Ануфриев Бронислав Кириллович – 1925 жылы туған, ҰОС ардагері. Польшаны жаудан азат етуге қатысқан. 1953 жылы Ленинград, Келлер аудандарының прокуроры, өмірден озды.
  29. Бердинских Николай Александрович – 1923 жылы туған, ҰОС ардагері, наградалары «За отвагу», «За победу над Германией», юбилейлік медальдары бар. 1962 жылы Көкшетау облпрокуратурасында тергеу бөлімінің прокуроры болып істеді, өмірден озды.
  30. Тұрсынов Борьян Тұрсынұлы – Семей облысы, Жарма ауданында 17.ІІ.1923 жылы туған, ҰОС ардагері. Прокуратурада 37 жыл, 15 жыл Жамбыл облысының прокуроры, ордендері, 2-дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» медальдары бар, кіші әділет мемлекет кеңесшісі (генерал), өмірден озды.
  31. Шынтасов Ойшы – 1920 жылы, Жамбыл облысы, Мойынқұм селосында туған. Прокуратурада 1944-1984 ж.ж. Қордай ауданы прокурорының көмекшісінен зейнетке шықты. ҰОС ардагері, орден, медальдары «За оборону» «Знак почета», «За доблестный труд», «За победу над Германией», өмірден озды.
  32. Неспаев Кәрім Неспайұлы – 1922 жылы Жамбыл облысында туған. Прокуратурада 37 жыл еңбек етіп, әртүрлі лауазымды қызмет атқарған, ақырғысы облпрокурордың көмекшісі, ҰОС ардагері, өмірден озды.
  33. Бүркітбаев Минавар – 1922 жылы туған. «Прогресс» колхозы, Мерке ауданы, Жамбыл облысы. Прокуратурада 18 жыл еңбек еткен, облпрокурордың аға көмекшісінен зейнетке шықты. ҰОС ардагері, наградалары ордендер, медальдары бар, өмірден озды.
  34. Кенжебеков Терлікбай – 1927 жылы Серікбаев поселкесі, Сарысу ауданы, Жамбыл облысында туған. Прокуратурада 33 жыл. Талас ауданының прокуроры болып зейнетке шықты. ҰОС ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденді, өмірден озды.
  35. Конотоп Виктор Ефремович – 1923 жылы Завинский кенті, Новосібір облысында туған. 31 жыл прокуратурада еңбек еткен, ҰОС ардагері, Жамбыл облыстық прокурорының көмекшісінен зейнетке шықты, «Отан соғысы» екінші дәрежелі, «Қызыл Жұлдыз» ордендері, «За оборону Кавказа», «За победу над Германией», «За трудовую доблесть» медальдары бар, өмірден озған.
  36. Сыдықов Асанбек – 1923 жылы Мерке ауданы, Жамбыл облысында туған. Прокуратурада 34 жыл еңбек еткен, ҰОС ардагері. «За победу над Германией» орденімен марапатталған. Өмірден озған.
  37. Мұқатаев Қалеш Мұқатайұлы – 1923 жылы туған. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының тумасы. Шу ауданы прокурорлығынан зейнетке шығып, өмірден озған, ҰОС ардагері. «За победу над Германией», «За освоение целинных земель» медальдарымен марапатталған.
  38. Сурайкин Лев Николаевич – 1934 жылы Кузьминка поселкесі, Федоров облысы, Башкир автономиясында туған. Жамбыл облысының Заводской ауданының прокуроры болып зейнетке шыққан. ҰОС ардагері, «Отечественная война» 1 дәрежелі ордені, «Знак почета» медалі бар. Өмірден озған.
  39. Сауранбаев Оспан Хатиұлы – 1924 жылы Белбаев поселкесі, Шу ауданы, Жамбыл облысында туған. Прокуратурада 20 жыл. Мерке ауданы прокурорлығынан зейнетке шыққан. ҰОС ардагері. Орден, медальдармен марапатталған, прокуратураның құрметті қызметкері. Өмірден озған.
  40. Қалқабаев Шойбек Сұраншыұлы – 1924 жылы туған. Жамбыл облысы, Абай колхозы, Луговой ауданының тумасы, прокуратурада 37 жыл еңбек етіп, сол ауданнан зейнетке кеткен. ҰОС ардагері, марапаттары орден «Отечественная война» екінші дәрежелі, медальдары «За победу над Германией», «За освоение целинных земел». Өмірден озған.
  41. Аққұшев Мақаш – 1924 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданында туған. Прокуратурада 34 жыл, Талас ауданы прокурорынан зейнетке шыққан, ҰОС ардагері. «Қызыл Жұлдыз» ордені және «За победу над Германией» медалімен марапатталған. Өмірден озған.
  42. Лопатин Иван Федорович Алтай крайының Петропавл ауданы, Алексеевка поселкесінің тумасы. Жамбыл облысы Центральный ауданы прокурорлығынан зейнетке шыққан. ҰОС ардагері, «За отвагу» ордені, «За победу над Германией» медалімен марапатталған. Өмірден озған.
  43. Керімбаев Сапар – 1925 жылы туған. Колхоз «Кішібурыл», Свердлов ауданы, Жамбыл облысының тумасы. Прокуратурада 33 жыл істеп Жамбыл ауданы прокурорлығынан зейнетке шыққан. Наградалары «Қызыл Жұлдыз» ордені, «За победу над Германией», «За освоение целинных земел» медальдарымен марапатталған, ҰОС ардагері. Өмірден озған.
  44. Сарымсақов Биахмет Жаманбалаұлы – 1925 жылы туған. Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Қапал селосының тумасы, ҰОС ардагері. 1943-1945 ж.ж. соғысқа қатысқан, «Отечественная война» 2 дәрежелі, «Қызыл Жұлдыз», «Слава» 3 дәрежелі ордендері, «За отвагу», «За взятие Будапешта», «За взятие Вены», «За победу над Германией» медальдары бар. 1951 жылы елге оралып, 1953 жылы Алматы заң институтын тәмамдап, юстицияда қызмет атқарып, 1975-1986 жыл прокуратурада қызмет атқарған. Талдықорған қаласы прокуроры, сол жылы зейнетке кеткен, 2013 жылы өмірден озған.
  45. Луценко Василий Иванович – 1920 жылы туған, ҰОС қатысушы, кавалерист, прокуратурада 1956-1988, Рузаев ауданының прокуроры, одан Ақтөбе облыстық прокурорының 1 орынбасары, әділет аға кеңесшісі, орден, медальдармен марапатталған. Өмірден озған.
  46. Есенаманов Қалиолла Жолдыбайұлы – 1924 жылы Павлодар облысы, Железін ауданы, Еңбекші селосында туған. ҰОС ардагері, медалі «За победу над Германией». 1952 жылы Алматы заң институтын бітіріп Павлодар облысында тергеуші, 1953 жылы Баянауыл, Павлодар облысы, Екібастұзда ірі қылмыстар ашқан. Өмірден озған.
  47. Башаров Газлик Турьянович – 1921 жылы Кармаскалинск ауданы, Савелевка селосы, Башкир АССР туған. 1944-1945 жылдары ҰОС қатысқан. Прокуратурада 1957-1988 жылдан Көкшетау, Қарағанды облыстарында аудандар прокуроры қызметін атқарған, 1988 жылы зейнетке шыққан, көптеген медальдармен марапатталған. 2012 жылы өмірден озған.
  48. Копейко Петр Александрович – 1941-1945 жылдары ҰОС қатысқан, ордендері, медальдары бар – «Қызыл жұлдыз», «Отечественная война» 2-дәрежелі, медальдары «За отвагу», «За оборону Сталинграда», Целинный край прокуроры. Өмірден озған.
  49. Әлиев Қазиаұлы – 1925 жылы Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Бұлақ ауылында туған. Жапон интервенттерін қууға қатысқан, елге 1951 жылы оралып, 1958 жылы әртүрлі қызмет атқарып, 1962 жылы партия мектебін тәмамдап, прокуратурада үш ауданда прокурор қызметін атқарған, соғыс кезінде елде де еңбек атқарған ардагер, 1967 жылы өмірден озды.
  50. Жүнісов Галимардан – 1914 жылы туған. Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Сага ауылының тумасы. 1936 жылы прокуратурада қызмет атқарған, 18 февральда 1961 жылы денсаулығынан босаған. Алматы заң институтын 1968 жылы бітірген. 1941-1943 жылдары армияда Биробиджане қаласы, Еврей АО, елде еңбектенген ардагер өмірден озған.
  51. Шунаев Катуш Шунаевич – 1922 жылы Талпин поселкесі, Шапаев ауданы, Орал облысында дүниеге келген. 1942 жылы прокуратурада Теректі ауданының халық тергеушісі, 1943-1951 жылдары Шыңғырлау ауданында прокурор, институтта СССР прокуратурасында оқып, 1952-1956 жылдары Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, одан Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры, 1964 жылы үшінші дәрежелі әділет мемлекеттік кеңесшісі берілген, елде еңбектенген ардагер. Өмірден озған.
  52. Каравай Иван Петрович – 1926 жылы Прусовичи селосы, Плещиницкий ауданы, Минск облысында туған. 1941-1945 жылдары Уфим паравоз оңдайтын заводта жұмыс атқарған. Қарағанды облысына 1953 жылы келіп, прокуратурада тергеуші, бөлім басқарушысы болған, 1989 жылы зейнетке шыққан, тыл ардагері, 2011 жылы өмірден озды.
  53. Бабенко Иван Алексеевич – 1913 жылы туған, тергеуші. НКГБ VІ-1957 жылы Көкшетау облпрокурорының кадр жөніндегі көмекшісі, тыл ардагері. Өмірден озды.
  54. Әділбаев Фазыл – 1925 жылы Баладжал селосы, Жарма ауданы, Семей облысында дүниеге келген. 1943 жылы 16 жаста армия қатарында болып, Белорус майданында Берлинге жеткен, соғыста жараланған, контузия алған. Даңқ орденінің толық үш дәрежесімен марапатталған. Көптеген медальдармен марапатталып, Жоғарғы Бас қолбасшы В.И.Сталиннен құттықтау хат алған, 136 қазақстандық даңқ орденімен марапатталғандардың бірі, 2675 даңқ орденінің иегерлерінің бірі, КСРО бойынша. Ол жалғыз Даңқ орденінің толық иегері Қазақстан бойынша. 1953 жылы Алматы заң институтын бітіріп прокуратураға келді, 21 жыл тергеуші Тарбағатай, Катон-қарағай аудандарында Шығыс Қазақстан облысы, Жарма, Көкпекті аудандарының, Семей облысы Аягөз қаласында қызмет атқарған, 49 жасында 1975 жылы өмірден озды.
  55. Некоз Василий Алексеевич – 1924 жылы Всеволодовка селосы, Айыртау ауданы, Көкшетау облысының тумасы. 1942-1944 жылдары Курский байланыс мектебін бітіріп, 1944-1950 жылдары корабльде байланысшы (Владивосток қаласы) Япониямен соғысқа қатысқан, Кореяның солтүстік жағына десант түсіруге қатысқан, 1948-1950 жылдары Қытайда болған командование тапсырмасымен, 1962 жылы Көкшетау облпрокурорының орынбасары, атағы әділет аға кеңесшісі – 1968 жыл. 1970 жылы зейнетке шыққан, өмірден озған.

ҚР Прокуратурасының мәліметі бойынша 167 адам ҰОС қатысқан. Тек менің білетіндерім солардан 167 ҰОС қатысқандар мен елде еңбек атқарған ардагерлер. Тыл орыс сөзі, қазақшаласақ ҰОС жеңісіне елде еңбек атқарған ардагерлер, қысқартып айтқанда Е.Е.А.А. – 4 әріп (ееаа).

Әлі де ҚР прокуратурасынан ҰОС қатысқандар мен ЕЕАА түгел емес, тек менің білуімше бұл тізімнен қалып қойған менің досым, марқұм Мұщанов Манат Жүсіпұлы – әкесі Мұщанов Жүсіп Көкшетау ауданы, Жолдыбай ауылының тумасы. Мұщанов Манат 1930 жылдан көп жыл Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Талдықорған облыстарында прокурор, судья болды. Жезқазған қаласында заң қызметінде қызмет атқарды. Әкем Мұщанов Жүсіп Қарағанды облпрокуратурасында тергеу бөлімінде істеп жүріп соғысқа алынып соғыстан оралмады, опат болды, ҚР Прокуратурасында мәлімет бар деп маған айтатын, біздер бірге істеген едік.

Қорыта айтқанда:

  1. ҚР Прокуратура қызметкерлері ішінен ҰОС қатысқандардан 5 адам Кеңестер Одағының Батыры атағын алды.
  2. Әділет мемлекет кеңесшісі (генерал) атағын 16 адам алды.
  3. «Қазақстанға еңбегі сіңген заңгер» атағын 8 адам алды.
  4. Бас Прокуратураның мұражайы мен кітапханасына шығармашылық еңбектерін бергендер 4 адам: Ө.С.Сейітов, С.Д.Сүйсенов, А.Н.Куропятник, Бекболат Сәдуақас.
  5. Қоғам жұмысына қатысып, жастарға тәлім-тәрбие берумен айналысқандар 6 адам: Д.Н.Фалеев, М.Жорабаев, И.И.Гиненко, Сартай Қаракулов, Х.А.Рақымжанов, Бекболат Сәдуақас.
  6. Ұлы Отан соғысында қаза болғандар – 3 адам.

Бұдан басқа ЕЕАА туралы Парламентте о.ж.а. жазғалы 3 жыл. 2017-2010 июньнен бастап, бүкіл Қазақстан ЕЕАА атынан. Мәселе – ЕЕАА-лерді соғысқа қатысқандармен теңестіру. Балаларды әке-шешелерімен транспортпен барып арам шөпті көктемде жұлғандармен теңестіруге болмайды. Міне, осыларды дұрыстап шешсе мәселе бітіп жатыр. 1926-1931 жылдарда туғандар нағыз еңбек еткендер, бұларды ҰОС қатысқандармен теңестіріп, оларға берілген жеңілдіктер 1926-1931 жылғы біздерге берілу қажет, біздер қабырғалары қайысып, бақайшықтар майысып, қараңғыдан қараңғыға дейін еңбек еттік! 1926-1931 жылы туып ҰОС жеңісі үшін тер төккендердің тілегі осы!

 

Бекболат СӘДУАҚАСҰЛЫ,

ҚР Прокуратурасының Құрметті прокуроры.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий