Ұранымыз: Ептілік. Құштарлық!

Көкшетау қаласының спортшылары «Хрустальный колос», «Ақ бидай» қысқы және жазғы облыстық спартакиадаларда, «Құлагер» ұлттық спорт ойындарында, триатлоннан Азия чемпионатында үнемі үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, командалық есеп бойынша жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Биыл Көкшетау қаласында денешынықтыру және спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 34 108,0 миллион теңге бөлінді. Ол бұқаралық спорт түрлеріне бағытталған. Біздің спортшыларымыздың биылғы жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтатын болсақ, Щучье қаласында шаңғыдан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Руслан Жолдаспаев эстафеталық жарыста және командалық спринтте 1-ші орыннан көрінді. Эстонияның астанасы Таллин қаласында грек-рим күресінен өткен халықаралық турнирде Дастан Зарлыханов жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды. Ташкентте ұйымдастырылған армреслингтен Азия Чемпио-натында Олег Сазонов 1-ші тұғырға көтерілді. Жеңіл атлетикадан Өскеменде өткен ересектер арасындағы чемпионатта Тахиржан Қадырқұлов спорт шебері атанып, 1-ші орыннан көрінді. Астана қаласында әйелдер арасында өткен ел чемпионатында Мөлдір Базарбаева 2-ші орынды еншіледі. Шымкенттегі пауэрлифтинг чемпионатынан Сергей Вайгант пен  Магомед Газдиев 1-ші орынды жеңіп оралды. Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың да жетістіктері көңіл қуантады. Ташкенттегі армреслингтен Азия чемпионатынан Дмитрий Шубаба мен Андрей Путинцев жүлдегер болып келді.  Сандықтау ауданында өткен ХХХ «Хрустальный колос» облыстық қысқы спартакиадада көкшетаулық спортшылар жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға шықты. «Сұңқар 2015-2016» универсиадасында спорттың 17 түрі бойынша 6000 студент бақ сынады. Универсиада бағдарламасына городки мен ғимараттағы жеңіл атлетика да енді. Жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарының арасында 1-ші орынды Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2-ші орынды Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, 3-ші орынды Көкшетау медициналық колледжі жеңіп алды. Ал орта арнаулы кәсіптік оқу орындары арасында  1-ші орынды Жоғарғы колледж, 2-ші орынды Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжі және 3-ші орынды Азаматтық қорғаныс көппрофильді колледжі иеленді. Маусым айында өткен «Үміт» облыстық спартакиадасында да көкшетаулықтардың мерейі үстем болды. Астрахан ауданында  өткен ХХІХ «Ақ бидай» спартакиадасында талапкерлер спорттың 10 түрінен, атап айтқанда: баскетбол, волейбол, футбол, үстел теннисі, отбасылық старттар, жеңіл атлетика, Президенттік көпсайыс, шахмат, дойбы, спорттық туризм бойынша сынға түсті. Спартакиадаға өңірдің 17 ауданы мен 2 қаладан командалар қатысты. Бұл жарыстарда Көкшетау қаласының намысын 194 спортшы қорғады. Оны саралап өтетін болсақ, футболдан, жеңіл атлетикадан, үстел теннисінен, шахматтан, дойбыдан 1-ші орын, волейболдан, Президенттік көпсайыстан, спорттық туризмнен 2-ші орын, волейболдан -3-ші орындардан көрінді. Осылайша жалпыкомандалық есепте Көкшетау қаласының командасы 1-ші жүлделі орыннан көрінді. Спортшылар мен бапкерлердің еңбегі еленбей қалған жоқ. Биылғы жылдың алты айында 145 адамға спорттық разрядтар мен бапкерлік категориялар берілді. Спорттың бұқаралық сипат алуына ерекше ден қойылуда. Биыл 83 бұқаралық-спорттық шаралар ұйымдастырылып, оған 15 мыңнан астам адам қатысты. Облыс орталығында спорттық алаңдар салу жұмыстары жедел қолға алынып жатыр. Әсіресе, шеткі аудандарды қамту назарға алынған. Бұл – салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ізгі қадам.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс