Ұстанған бағыттары – Қазақстанды гүлдендіру

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттарын ұсынған бес партия өкілдері Көкшетауда теледебаттық кездесу ұйымдастырды. Олар өз сайлауалды бағдарламаларын ортаға салып, қандай мақсатты көздеп отырғандарымен бөлісті. «Қазақстан халық партиясы» атынан Әділ Төлепберген, «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Бақыт Смағұл, «Ауыл» партиясы атынан Қуат Ғаббасов, «Nur Otan» партиясы атынан Асқарбек Үйсінбаев және «Adal» партиясы атынан Азамат Маханалин сөз жарысына шықты. Дебат шарты бойынша қатысушылар үш айналымда өздеріне берілген уақыт ішінде ойын нақты жеткізіп, түйінді пікір айтуы тиіс болды. Партия өкілдеріне «Қазақстанның экономикалық дамуы: проблемалары мен перспективалары», «Еліміздің әлеуметтік жаңғыруы» тақырыптарында сөз қозғап, өздері алға тартып отырған саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасында осы мәселе қаншалықты көрініс тапқанын талдап айтып беруі қажет еді. Сөз соңында дебатқа қатысушылар өз партиясы атынан үндеу жариялап, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды. Тікелей эфир арқылы жүрген теледебат барысында үміткерлер жүргізушілердің де сауалдарына жауап беріп, бір-біріне сұрақтар қойып, қойылған талаптың үдесінен шыға білді.
Қазақстанның халық партиясы атынан сөз жарысына шыққан журналист Әділ Төлепберген «КөкшетауАзия» сайты арқылы халықтың назын билікке жеткізіп келеді. Ол біздің партия қарапайым адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жалғастыру үшін Парламентке барады және басты мақсаты әлеуметтік мемлекет құру, қазіргі шынайы жағдайға байланысты экономикалық стратегияны өзгерту, Үкімет жұмысының ашықтығын және оның түпкілікті нәтижеге бағдарлануын қамтамасыз етуді көздейді деді. Ал, «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі, журналист, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл біздің партия ұлттық мүддені бірінші кезекке қояды. Қазақ халқының өткенінен сабақ алып, болашағына қадам жасалады. Елінің азаттығы жолында құрбан болған Алаштың біртуар тұл-ғаларының жолын әрі қарай жалғастырып, демократиялық бағытты ұстанған мемлекетке айналдыруды көздейді деді. «Ауыл» партиясы атынан депутаттыққа үміткер Қуат Ғаббасов ауылды гүлдендіру арқылы еліміз гүлденеді дейді. Сондықтан ең алдымен тұралап қалған ауылшаруашылығын қалыпқа келтіріп, елді мекендердің еңсесін көтеру керек. Ауыл тұрғындарының мәселелерін шешпей, қала дамымайды. Себебі, қалаларды асырап отырған осы ауыл. Халықтың жағдайын түземей, елімізді алға бастыра алмаймыз деді өз сөзінде спикер. «Nur Otan» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев бұл саяси ұйым халықтың иек артар, қиналған уақытта жәрдем сұрайтын және көп жағдайда мәселелерін оң бағытта шешетін ұйым екенін алға тартты. Партияның қоғамдық қабылдауы билік пен халықтың арасын жалғайтын көпір. Дәл осы жерде көкейтесті мәселелер ортаға салынып, жергілікті тұрғындар тиісті жауабын алып жатады. Сондықтан нағыз халықтың партиясының ұстанғаны өзінің айқындап алған жеті бағытында көрініс тапқан. «Adal» партиясының өкілі Азамат Маханалин бұл саяси ұйым елімізді адал және әділетті билік басқаруы тиіс деп есептейді. Құрылымдық диалог пен тұрақты кері байланыс негізінде азаматтық қоғам, билік пен бизнестің өзара әрекеттесуін қалаймыз деді спикер.
Дебатқа қатысушылар медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының өміршеңдігі, онлайн платфор-маларының мерзімі, қаржы несие шарттарының төмендеуі, жемқорлықты жою жолдары және тағы басқа мәселелер төңірегінде пікірталастырды. Сөз соңында әр партияның өкілі Үндеу жариялап, алдағы сайлауда нағыз халықтың қамын жейтін саяси ұйымға дауыс беруге шақырды.

ҚР ОСК ақпараты
бойынша.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий