Ұсыныстарды талқылап, бекітті

Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс 47-ші сессиясы болып өтті. Оған депутат Б.Бегалин төрағалық етті. Сессия жұмысына қала әкімі А.Смайылов қатысты.
Сессиядан бұрын қалалық мәслихат хатшысы Ж.Әбішевтің төрағалығымен депутат сағаты өтіп, онда қала бюджетіне кейбір өзгертулер енгізу жөніндегі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Шұқатованың хабарламасы талқыланды. Хабарламашыға депутаттар Ж.Әміржанов, Ә.Шәрімова, Б.Бегалин, Ж.Әбішевтар сұрақтар қойып, әртүрлі нысандарға, жол жөндеу, жарықтандыру жұмыстарына жұмсалар қаражат көлемі туралы бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды саралады.
Сессияда «Жер телімдері және басқа қозғалмайтын мүліктерді мемлекетке қайтару жөніндегі келісімшарт жобасы туралы» экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Шұқатованың, комиссия төрағасы Ә.Шәрімованың хабарламалары тыңдалды.
«Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылдың 28 наурызындағы №С-30/5
«Көкшетау қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері құрамын бекіту туралы» шешіміне, сондай-ақ, мәслихаттың 2019 жылдың 31 қаңтарындағы
№С-28/3 «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Б.Мақанов хабарлама жасады.
Мәслихаттың 2019 жылғы 28 қарашадағы №С-38/14 «Көкшетау қалалық әкімшілігі жанындағы облыстық Коор-динациялық Кеңес құрамына өзгертулер енгізу туралы» қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Ахметов, одан әрі Г.Шұқатова қалалық мәслихаттың 2019 жылдың 25 желтоқсанындағы №С-40/19 «Красный Яр және Станционный кенттерінің 2020-2022 жылдарғы бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» хабарламаларын депутаттар талқысына салды. Бюджеттегі өзгерістердің қажеттігі, атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы қала әкімі А.Смайылов баян етіп, депутаттар сұрақтарына жауап берді.
Депутаттар күн тәртібі бойынша талқыланған барлық өзгертулерді бірауыздан бекітті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий