Ұсыныс бірауыздан қабылданды

Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс 41-ші сессиясы болып өтті. Оның күн тәртібіне мәслихаттың 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №С-40/2 «2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгертулер енгізу, 2019 жылғы 31 қаңтардағы №С-28/2 «Көкшетау қалалық аймақтық сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы, қалалық әкімдік жанын-дағы жер телімдерін тағайындау жөніндегі комиссия құрамын бекіту, т.б. мәселелер шығарылды. Күн тәртібіндегі бюджетке өзгертулер қажет-тігінің мән-жайын қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Шұқатова, жер телімдерін бөлу жөніндегі комиссия құрамы туралы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Сабержанов, жер телімін мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алу жөніндегі мәселелерді қарастыратын комиссия құру туралы комиссия төрағасы, депутат Ә.Шәрімова, қалалық аумақтық сайлау комиссиясына мүшелер сайлау және Көкшетау қаласында қызмет атқаратын салық төлеушілер үшін
бірортақ баға тағайын-далуы қажеттігі туралы қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Б.Мақановтардың хабарламалары тыңдалды.
Депутаттар хабар-ламашыларға сұрақтар қойып, талқылағаннан кейін барлық мәселелерді бірауыздан қолдады. Кезектен тыс сессияға депутат Р.Мақышев төрағалық етті.
Сессия соңынан Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Ж.Әбішев пен сессияға қатысқан Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Б.Жүсіпов Көкшетау қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Қ.Мұстафинаны мерейтойымен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады. Қ.Мұстафина өз кезегінде осындай құрмет көрсеткендері үшін қалалық әкімшілік пен депутаттар корпусына шексіз алғысын айтып, өзінің Көкшетау облыстық сауда саласын басқарған, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болған кездерінде атқарған істерін еске алып, тағылымды әңгіме өрбітті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий