Ұсыныс көңілден шықты

Қала әкімі Амангелді Смайыловтың қабыл-дауында болған тұр-ғындардың ішінде бұл жолы шаһардың экологиялық жағдайын ортаға салған Билан Асыловтың алға тартқан мәселесі ойлантарлық. Қарияның айтуынша, Бұқпа тауының бөктеріне егілген ағаштардың қурап қалмауы үшін оларды тұқымынан егу қажет. Биік өскіндер дұрыс жерсінбейді. Қарияның ұсынысы шаһар басшысының көңілінен шықты. Сондай-ақ, қоғамдық әжетхананың жоқтығы өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте қария өзі жиі барып жүретін Қазан қаласының үлгісімен жер астына орнатуға болатынын айтты. Сол кезде халық көп жүретін орындарда, автобустың соңғы аялдамаларында бұл мәселені де шешуге болады. Қала тұрғыны Бекболат Әміржанов өзі қызмет ететін «Арбакеш» ЖШС ауласын жауын, қар суы үнемі басып кететінін айтты. Шаһар басшысы бұл мәселені оңтайлы шешуге болады деп, жауапты мекеме басшыларына тапсырма берді. Үйіне жылу құбырын өткізіп беруді сұраған Екатерина Счастливаяға да көмек қолын созуға уәдесін берген қала әкімі әлеуметтік төлемге қатысты мәселемен келген көпбалалы Әсемгүл Мақышеваға, көпбалалы әке Нұрлан Бекеновқа құжаттарды реттеуге қатысты ақыл-кеңесін берді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий