Ұтымды ой-пікірлер тоғысы

Көкшетау автобус паркінің бас директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Әсия Шәрімова, ауған соғысының ардагерлері Қанат Бралин мен Жанатай Құсайынов «Еркін пікір» жобасы аясында азаматтық көпсалалы қорғаныс колледжінің студенттерімен кездесті. Шараның модераторы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы төрайымының орынбасары Самира Тайтенова болды.

Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында қол жеткен жетістіктерімізге жастардың да қосар үлесі зор. Олар жастар өміріне қатысты көкейтесті мәселелер талқыланатын іс-шараларға да белсенділікпен қатысып, ұтымды ой-пікірлер айтуда. Осы жолғы кездесу де осындай рухта өтті. Қалалық мәслихаттың депутаты Әсия Шәрімова әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы рөлі жайлы айта келіп, Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді де еске салды. Ал, ауған соғысының ардагерлері Қанат Бралин мен Жанатай Құсайынов майдан даласындағы жерлестеріміздің көрсеткен ерліктері жайлы тебірене әңгімеледі. Кездесуге келген жастардың сауалдарына жауап берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс