Әділ Зиядденов: Мен Қазақстан азаматымын

Конституция күніне  орай Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мен – Қазақстан азаматы» атты іс-шара өтті. Оны өткізудегі негізгі мақсат: жастар бойында адамгершілікті, азаматтықты және патриоттық сезімдерді сіңіру, мемлекеттік заңды құрметтеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ұялатып, белсенді өмір позициясын қалыптастыру.

Іс-шара барысында 16 жасқа толған қыз-жігіттер Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын төлқұжат алды. Жас жеткіншектердің осы қуаныштарымен бөлісуге арнайы шақырылған Көкшетау қаласындағы №1 халыққа қызмет көрсету филиалының өкілі Жанаргүл Манапова, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталықтың директоры Гүлмира Мәдиева, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова, тарихи-өлкетану музейінің директоры Кенжебай Мұқышев кәмелеттік жасқа толған ұландарымызды өмірлеріндегі айтулы оқиға – төлқұжат алуларымен шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі. Шара соңында жиналғандар Конституция күніне арналған деректі фильмді тамашалады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс