Әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуеті

Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтіп, онда өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мәселелері жан-жақты талқыланды. Облысымызда соңғы үш жылда 2 мыңнан аса нәзік жан жеке бизнестерін ашып үлгерген. Дегенмен отандық бизнестің аяғына тұсау болып отырған мәселелер де жоқ емес.

«Басты кедергілердің бірі – тұтынатын қуат көздері бағасының қымбаттығы. Бұл кез келген өндірістің жұмысын тежейді. Коммуналдық қызмет ақысы да жоғары. Соңғы уақытта белсенді жастардың көбі Астанаға кетіп жатыр. Бізде бизнесте жүрген әйелдердің көбі саудамен айналысады. Өндірісте олардың саны аз», – дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Көгершін Бексұлтанова. Кеңес құрамына кіретін 25 кәсіпкер әйел бизнестің дамуына үлес қосып қана қоймай, қайырымдылық шараларында да белсенділік танытуда. Мәселен, көкшетаулық кәсіпкер Ферая Загреева жекеменшік сауда үйінің 25 шаршы метрін көпшілік тұтынатын заттар қабылдайтын орын ретінде бөлген. Аз қамтылған отбасылар осында келіп өздеріне қажет киімдер мен аяқ-киімдерді, басқа да заттарды тегін ала алады. Аймақтық іскер әйелдер кеңесі жұмыс істеген үш жыл ішінде өңірдегі кәсіпкер әйелдердің қатысуымен 96 бастапқы жоба іске қосылыпты.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс