Әкімдік қызметкерлері қан тапсырды

Қан орталығының «Қан тапсырып, өзгеге үміт сыйла!» деген үндеуіне үн қосып келе жатқан мекемелер мен ұйым, кәсіпорын қызметкерлері аз емес. Солардың қатарында қала әкімдігінің қызметкерлері де бар.
Донор болуға өз еріктерімен тілек білдірген мемлекеттік қызметкерлерді қан орталығының дәрігерлері жылы қабылдады. – Мақсаты-мыз – ақысыз, яғни ерікті донорлардың санын көбейту. Орталық донорларға зәру. Кеңес үкіметі кезіндегідей міндет-теп жатпағаннан кейін адамдар өздігінен бара бермейді. Сол себепті мекемелерге өзіміз сұрау саламыз. Күрделi операцияларды өткiзу кезінде, ауыр босануларда қан құйылады. Тұрақты түрде қан тапсыруды әрбір дені сау адам қолға алуы қажет. Науқастардың сырқатына дәру болатын қан керек әрі плазмалардан түрлі дәрі-дәрмек жасалады, – дейді қан орталығының дәрігер-транфузиологі Оксана Галимская.
Қан тапсыруға келгендерді қан орталығы дәрігерлері мұқият түрде тексерулерден өткізді: қан қысымын өлшеп, анализ алынып, қан тобын анықтады. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулығы мықты, донор болуға ниетті әрбір адам 450 мл. қан тапсыра алады. Содан кейін өзі 24 сағаттың ішінде толық қалпына келеді. – Донор болуға өзіміз бас-тама көтердік. Ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Қызметкерлер ықтияр-
ларымен келді. Әрі бұл қала халқына өнеге болсын дедік, – дейді қала әкімдігінің аппарат жетекшісі
Ермек Тұшанов.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий