Әкім жүлдесі үшін

Егде адамдар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында ардагерлер арасында Көкшетау қаласы әкімінің жүлдесі үшін шахматтан турнир өткізілді. Аталған шараның жабылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова жеңімпаздарға қала басшысының атынан сый-сыяпат жасады.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі спорттық бұл шараға осы жолы 26 ардагер қатысты. Олардың бәрі де көптен бері шахмат пен дойбы ойнап, ысылған кәнігі үміткерлер. Арасында жеті бірдей спорт шеберлігіне кандидаттар да бар. Сонымен шаршы тақтадағы тартыс-ты ойын нәтижесі бойынша Сәбит Убышев, Алпыс Жұрын, Сәкен Тәңірқұлов, Серік Құрманғожин, Абай Кәмелдинов, Тасжан Тайлақов жеңімпаз атанды. Жүлдегерлердің алтау болу себебі турнирге қатысушылардың санына байланысты ұйғарылды. Сонымен бірге төрешілер алқасының шешімімен Сайлау Көшкенұлына «Жеңіске деген құштарлық» жүлдесі берілді. Марапаттау рәсімін қорытындылай келе, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев турнирге қатысушылардың бәріне алғысын білдіріп, спорттық-сауықтыру шаралары алдағы уақытта да үзбей өткізілетіндігін айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий