Әкім іс үстінде

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өткен аптада азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдап, қаланы абаттандыру, жер учаскелерін алу және баспа мәселесін шешу жөніндегі өтініштерін тыңдады. Кездесуге келген азаматтардың қай-қайсысы болсын қала басшысы тарапынан тиянақты жауап алды. Және де кездесу барысында қозғалған мәселелерді қадағалау тиісті қалалық ведомстволар мен коммуналдық қызмет жетекшілеріне тапсырылды. 

Зейнеткер Нина Валицкая Әуезов көшесі бойында сонау елуінші жылдары салынған тозығы жеткен үйде тұрып жатса керек. Неге екені белгісіз бұл үй тұрғын үйді жаңарту және абаттандыру бағдарламасына енгізілмепті. Сондықтан да қарияның өтінішін қолма-қол шешу қиындау болып тұр. Соған қарамастан қала әкімі ауланы абаттандыру және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты жобалық-сметалық құжаттарды жасауға көмектесуге уәде берді. Қала басшысының айтуына қарағанда, облыс орталығындағы тұрғын үй қорының 50 пайызы тозығы жеткен. Яғни, жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын қажет етеді. Бұл жұмыс бірден шешіле қоймайды. Сондықтан да оны мақсатты әрі жоспарлы түрде жүргізу керек.
Көп балалы ана Валентина Березенская темір жол вокзалы ауданындағы барак үлгісіндегі үйде тұрып жатыр. Оның пәтер кезегіндегі нөмірі – 3387 екен. Алайда, қазіргі таңда ол тұратын үй қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың балансында жоқ. Сол себепті тез арада тұрғын үйді иелену құқығына қатысты құжаттарды жасап алу керек. Қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса да көпбалалы анаға қол ұшын беруге ниет білдірді. Станционный поселкесінің тұр-
ғыны кәсіпкер Жаскет Жұнжұма өзінің бизнесін ұлғайту үшін қосымша 20 соток жер сұрап отыр. Қызы Әлия Алданыштың айтуына қарағанда бұл жер учаскесі құм блоктарын шығаратын кәсіпорын салу үшін қажет екен. Егерде олардың осы жоспары ойдағыдай жүзеге асса он адам қосымша жұмыспен қамтамасыз етіледі. Қарияның және оның қызының бұл ұсынысы қала әкімінің көңілінен шықты. Сол себепті де ол қолдау көрсетуге өзінің дайын екендігін айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс