Әлеуметтік маңызды нысандарды аралады

4 қарашада Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Бурабай ауданында болып бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.

Облыс әкімі алдымен Щучинск қаласындағы №1 және Бурабай поселкелік бу қазандықтарына бас сұғып, жылу беру қазандықтарын аралап көріп, жұмыс істеу жүйесімен танысты. Бурабайдағы поселкелік бу қазандығы осыдан бір ай ғана бұрын пайдалануға беріліпті. Бүгінде қазандық 1500-ге жуық жеке азаматтар мен 60-тан астам заңды тұлғаларды және 7 әлеуметтік, мәдениет және тұрмыстық объектілерді жылумен қамтып отыр. Мұнда да қаражатқа қатысты мәселелер дер кезінде өз шешімін табуда. Одан кейін өңір басшысы Щучинск қаласында салынып жатқан 75 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысының барысымен танысты. Бурабай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Бидановтың айтуынша, аталмыш жобаның сметалық құны 397 млн. теңге. Бүгінгі күні оның 347 млн. теңгесі немесе 88 пайызы игерілген. Қазір бұл жерде әрлеу, монтаждау сияқты ақтық жұмыстар жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Одан соң С.Кулагин Бурабай поселкесіндегі жол-көлік желісінің құрылысы мен жөнделуіне арналған жер телімдері мен құрылыс нысандарын қарады. Ағымдағы жылы аудандағы құрылысқа қажетті жер телімдерін алуға бюджеттен 586 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күні жоба бойынша 484 млн. теңгесі игеріліпті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс