Әлеуметтік мәселе – ұдайы назарда

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттық құзырет және этика, тұрғындардың денсаулығы, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Алдымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айгүл Сәбитованың өткен жыл қорытындысы бойынша дайындаған баяндамасы тыңдалды. Оның мәліметтері бойынша, өткен жылы қалада 2598 іс-шара өткізілген. Аталған салаға 228804,0 мың теңге қаражат бөлінген. Мәдени кешендердің күрделі жөндеуіне 6720,0 мың теңге қарастырылған. Былтыр көрсетілетін ақылы қызмет көлемі артқан. Мәдениет саласына көптеген жаңашылдықтар енгізілуде. Қалада электронды кітапхана ашу жұмысына 7 миллион 400 мың теңге қарастырылған. Жақын арада автобус аялдамаларында мобильді кітапхана жобасы іске қосылмақшы.

Қалада ішкі саяси-қоғамдық ахуал тұрақты. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский мәлімдеді. Ол өз баяндамасында Көкшетау қаласындағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Аймақтағы діни
ахуалды тұрақты сақтау және арттыру үшін әлеуметтік жобалар іске асырылған. Өз кезегінде халық қалаулылары әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін алға тартты. Қалалық білім бөлімі жетекшісінің орынбасары Жәния Дондағұлова 24 мектеп «BilimLand» платформасына қосылған. Қала бойынша апатты жағдайдағы мектептер тіркелмеген. Өткен жылы 17 білім беру мекемесіне 199472,7 мың теңгенің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл қалада балалар технопаркін ашу жоспарланып отыр. «Рухани жаңғыру» аясында қала мектептері Қазақстанның қалаларына саяхат ұйымдастыруда. Өткен жылы аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 59, ата-анасыз 30 балаға сауықтыру орталықтарына жолдама берілген. Қалада салынып жатқан жаңаша бағытта білім беретін 900 орындық мектеп алдағы оқу жылында пайдалануға берілмек.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Қали Ахметовтың мәлімдеуінше, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілуде. 143 адам кресло-арба, 55 адам есту аппараттарымен, 281 адам тифлоқұрылғылармен қамтамасыз етілген. 489 адам протез-ортопедиялық құралдардың 571 түріне қол жеткізген. 70 адам «инватакси» қызметін пайдаланады.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий