Әлеуметтік нысандар ашылды

«ADEMI» деген атаумен ашылған монша Құдайбердиев көшесі, 37 мекенжайы бойынша орналасқан. Бұл жоба бизнес-құрылым өкілдерін қолдау арқылы туған өңірді дамытуды көздейді. Моншаның иелері бағаны да тым шарықтатпапты. Ерлер мен әйелдерге арналған 50 орындық қоғамдық қызмет көрсету жайында ересектер үшін – 600, зейнеткерлерге – 400, 7 мен 12 жас аралығындағы балаларға – 300, 7 жасқа дейінгі балаларға – 200 теңге белгіленген. Нысанның ішін аралап көрген қала басшысы бұл маңның инфрақұрылымын ары қарай дамыту қажет деді. Мөлтек ауданда аулаларды жөндеу, ойын және спорт алаңдарын салу жоспарланған. Қала әкімі №17 орта мектеп-гимназиясында салынған жылыжайды көруге барған кезде Наурыз мерекесі тойланып жатыр екен. Аталған жылыжайда оқушылар көкөніс өнімдерін, түрлі хош иісті гүлдерді егеді. Мектептің жас табиғат зерттеушілері  өскіндерді күтіп-баптау жөнінде әңгімеледі. Тіпті, қазірдің өзінде қияр өсіп қалыпты. Жылыжайлардың жұмысын ұйымдастыру мен жастарды еңбекке баулу бо-йынша тәжірибелерді облыс орталығындағы басқа да білім ошақтарына енгізу қажеттігін шаһар басшысы еске салды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий