Әлеумет мәселесі – әкімдік назарында

Қала әкімі Амангелді Смайылов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Алдымен қала басшысы атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүрген көпбалалы ананың өтінішіне құлақ түрді. Өтініш иесінің айтуынша, 2015 жылы дүниеге келген бесінші баласы АХАЖ-да тіркелгенімен, қажетті құжаттар тапсырылса да зейнетақы төлеу орталығының базасында болмай отыр. Соның салдарынан отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмаған. Әкім аталған мәселемен айналысуды Станционный кентінің әкіміне жүктеді.
Баспана мәселесімен келген Харахат Дүйсенбай көпбалалы отбасы ретінде пәтер кезегінде 78-ші болып тіркелген. Қала басшысы жауапты органдарға барып, тізімді тексеруге кеңес берді. Қабылдауға тек проблемалармен емес, ұсыныстарымен келгендер де болды. Қала тұрғыны Владимир Калашниковтың алдағы мақсаты – ит жүгірту спортын жастардың арасында кеңінен насихаттау. Қазақы тазыларды өсірумен айналысатын ол өзінің бизнес-жобасының мемлекеттік бағдарламаға енгізілгенін әрі облыс әкімі тарапынан қолдау тауып отырғанын айта келе, болашақта балалар спорттық-сауықтыру орталығын салуға қолдау көрсетуді өтінді. Әкім өтініш иесінің көтерген мәселесі назарға алынатынын жеткізді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий