Әлеумет мәселесі – әкімдік назарында

Қала әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әкім қабылдауына келгендер негізінен баспана, жер, жұмыспен қамтуға қатысты мәселелерді көтерді.

Красный Яр селосының тұрғыны Айнаш Сағынаева өзі бұрын қызмет атқарған жұмыс орнына қайта орналасуға көмектесуді сұрады. Оның өтінішіне құлақ түрген әкім сала басшыларына мәселені жан-жақты тексеруді тапсырды. «Күміс алқа» иегері Қарлығаш Бейсенова 1998 жылдан бері пәтер жалдап тұратынын айтып, бас-пана сұрады. Айтуынша, көпбалалы отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде 1048-ші болып тіркелген. – Өздеріңіз де құлағдарсыздар, қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Қалада сіздің жағдайыңыздағыдай мыңдаған адам бар, – деген қала әкімі пәтер тек заң аясында кезекпен берілетінін айтып, түсіндірді. Тиісті мекемелерге көпбалалы отбасының әлеуметтік мәселесін шешуде мүмкіндіктер іздеуге тапсырма берді. Қала тұрғыны Рәбиға Баянбекова қаншама жылдан бері жер телімін алуға кезектің жылжымай жатқанын қынжыла баяндады. Әкім бұл мәселе бо-йынша қиындықтар барын айтып, жер учаскелерін бөлу және пәтерлер беру тек қана заңды тәртіпте кезекке сай жүзеге асырылатынын, бұл тұрғыда заңсыздықтардың орын алуына жол берілмейтінін жеткізді. Светлана Зайцева көктемде еріген қар суы тұрғын үйдің жертөлесін басатынын айтып, күрделі жөндеу жүргізуге көмек беруді өтінді. Айтуынша, кәріз құбырлары да шіріген күйде. Сала басшылары үй жекеменшік иесінде болғандықтан, қалалық бюджетте жекеменшік нысандарды күрделі жөндеуге қаржы қарастырылмағанын айтты. Мұндай жұмыстар пәтер иелерінің өз қаражаты есебінен немесе тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Қабылдауда қала тұрғындары саяжайға барып-келудің қиындығын, әрі ұрлықтың да тыйылмай отырғанын алға тартты. Горький, 2 «а» тұрғындары кәсіпкерлердің бірінші қабатта асхана ашуына қарсы екенін айтты. Әкім жауапты органдар мәселенің мән-жайын тексеріп жатқанын айтып түсіндірді.
Өтініштерді жедел қарау мақсатында қабылдауға бірқатар қалалық мемлекеттік мекемелер, соның ішінде, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, тұрғын үй қорын есепке алу секторының басшылары қатысты. Азаматтарды қабылдау барысында қала басшысы Ермек Маржықпаев қалалықтарды толғандыратын мәселелерді әрі қарай шешу үшін оларға нақты тапсырмалар берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий