Әр нысан күтімге алынып, қала келбеті ажарлана түспек

DSC_тамашаКөкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 28 маусымда жұмыс сапарымен Щучинск автомобиль жолының бойындағы мұсылман және христиан зираттарының территориясын ұлғайту және қоршау мәселесіне назар аударып, қаланы көркейту, абаттандыруға қатысты шешілмей отырған мәселелер бойынша пікір алмасты.

Осы жерде қала әкімінің назарына жер қатынастары бөлімінің мемориалдық учаскелерді 4 гектарға ұлғайту жөнінде дайындалған құжат ұсынылды. Бұл құжат бойынша зиратқа бөлінетін учаскені 15 жыл бойы пайдалануға болады екен. Осы жерде Ермек Боранбайұлы көкшетаулық ақсақалдармен зиратты қоршау мәселесін талқылады. Бұл жұмыс тапсырылған мердігерлік ұйым бірнеше үлгіні көрсетті. Алайда, нақтылы шешім кейін жасалады. Айта кететін жәйт, М.Горький көшесі бойындағы ескі мұсылман зираты да қайта қоршалмақ. Жолшыбай қала басшысы «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне атбасын тіреп, осы жерде қалалық сәулет бөлімі дайындаған детальды қайта жобалау жоспарымен танысты. Бұл құжат бойынша жаңа мөлтек ауданда мектеп, балабақша, сауда орталығы, техникалық күтім жасау станциясы, қонақ үйлер салынады. Бір сөзбен айтқанда, көкшетаулықтардың бірқалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтермек. Жаңа мөлтек аудан түбінде автоқалашықпен қосылатын болады. Сонымен бірге қала әкімі 2013 жылы Көкшетау-Алматы рейсі бойынша апатқа ұшыраған адамдарға және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған монументтерді орнату мәселесіне айрықша назар аударды. Уәлиханов көшесі бойындағы ескі үйлердің сырты түрлі-түсті бояумен боялып, қалаға көрік беруде. Бұл жұмыс жергілікті бюджет қаржысының есебінен атқарылды. Қала әкімі әлгі үйлердің ауласын аралап, атқарылған жұмыс сапасына назар аударды. Бұдан кейін сыршылар Горький көшесі бойындағы ескі үйлерді әрлендіретін болады. Қала басшысы тарапынан №16 орта мектепте жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан құрылысшылардың жұмысына сын айтылды. Әсіресе, басқыштарды жөндеуде ақаулықтар жіберілген. Қалалық бюджеттен бөлінген 200 мың теңге қаражаттың көмегімен мектеп ауласында гүл отырғызылып, мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастады. «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны алдағы жылу мау-сымына жан-жақты дайындалуда. Қазір мұнда негізгі бу қазандықтары жөнделуде. Қосымша тағы бір қазандық салынуда. Кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстармен егжей-тегжейлі таныса келе қала әкімі оны жылу маусымы басталғанға дейін, яғни 1 қыркүйекке аяқтауды тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс