Әр шаңыраққа шаттық тілейміз!

Қымбатты көкшетаулықтар мен қала меймандары!

Санаулы күндерден кейін тағы бір жылды шығарып салып, Жаңа 2017 жылды қарсы аламыз. Осы бір шақ Жаңа жылда атқарған істерімізді қорытындылап, алдағы күндерге жоспар құратын кезең. Өткен жыл еліміз үшін жаңалықтар мен жақсылықтарға толы тарихи жылдар қатарында болды. Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерекесі де ерекше аталып өтті. Осы жылдар ішінде еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының, елімізді мекен еткен сан ұлттардың татулығы, жарасымды достығы арқасында еліміз табысты, қарқынды дамып, бүкіл әлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі бар абыройлы мемлекетке айналды. Тәуелсіздік мерейтойына Көкшетау қаласы да айтарлықтай табыстарымен келді. Қалада тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы, білім беру нысандары, жаңа өндіріс ошақтарының көбеюі болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Осы орайда өздерінің күнделікті еңбегімен қаламыз бен облысымыз және еліміздің гүлденуі жолындағы жетістіктерімізді нығайтуға үлес қосып жатқан облыс орталығының тұрғындарына алғысым шексіз. Көкшетау күн санап көркейіп келеді. Ендеше тұрғын үй-коммуналдық саламен қатар денсаулық сақтау, білім беру сияқты салалардағы қажеттіліктердің де артуы заңды құбылыс. Қала тұрғындарының түсіністігі мен арман-мақсаттарының бір арнаға тоғысуы көптеген түйткілді мәселелерді шешуде тың күш беретіні анық. Баршамызға белгілі, келер жылы елімізде XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі сияқты айтулы шараларды өткізу жоспарланып отыр. Баршамыз атсалысатын аталған шаралар еліміздің одан әрі дамуындағы бір белесі болмақ. Құрметті жерлестер! Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, табыстар тілеймін. Жаңа жыл жарқын идеялар мен жарқын істерге толы жыл болсын. Әр отбасына келген жылымыз бейбітшілік, ынтымақ, қуаныш, сәттілік әкелсін!

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,
Көкшетау қаласының әкімі.

Еліміз тағы бір жылды еңсеріп, күнтізбеде жаңа жылдың бетін айқара ашқалы отыр. Әрбір өткен жыл тарих беттеріне еліміздің даму жолындағы жасампаз жаңалықтарымен жазылып келеді. 2016 жыл айрықша оқиғаларға толы жыл болып отыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтілуде. Тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктеріміз еліміздің негізін салып, оны дамудың бүгінгі биігіне жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Өткенге көз жібере отырып, бүгінгі Қазақстан – ішкі-сыртқы саяси-экономикалық тұрақтылық пен мәдени-рухани өрлеуден үдемелі даму жолына түскен ел деп нық сеніммен айта аламыз. Қадірлі көкшетаулықтар, біздің осы жетістіктеріміз алдағы жылда да өз орнын табатынына, болашақта міндеттерімізді абыроймен орындайтынымызға кәміл сенемін. Біз ескі жылды шығарып сала отырып, жаңа 2017 жылға тың жоспарлармен келіп отырмыз. Ең бастысы, Жаңа жыл – бұл жаңа жетістіктер, батыл жаңа қадамдарымыз бен біздің жетістіктердің жаңғыруымен, міндет жоспарларымыздың орындалуымен тікелей байланысты. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттар корпусы атынан баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Әр шаңырақта аманшылық пен бақ-дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын. Есік қаққан Жаңа жылда алға қойған арман-мақсат, жаңа бастамаларыңыз орындала берсін!

Бауыржан ҒАЙСА,
қалалық мәслихаттың хатшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс