Әр істі тыңғылықты атқару – жылды жақсы қорытындылауға кепіл

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде аппарат мәжілісі өтті. Онда қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекшісі Г.Шұқатова, қаржы бөлімінің жетекшісі Г.Құсайынова, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы С.Жуковтың хабарламалары тыңдалды.

Г.Шұқатова үстіміздегі жылдың бүгінгі күніне қала кәсіпорындарының жоспарлы жұмыстарды атқаруы, қол жеткізген көрсеткіштерін өткен жылдың осы мерзімімен салыс-тыра отырып баян етті. «Көкшетау нан зауыты», «Ақсай нан», «Молоко-Синегорья», «Агример-Астық», «Новопэк», «ЕНКИ», «Тыныс», тағы басқа ірі кәсіпорындар діттіген мақсаттан шығып отыр, көрсеткіштері жақсы. Осындай табысты ұжымдардың арқасында  қаланың жалпы көрсеткіші қанағаттанарлық деңгейден көрініп отыр. Дегенмен, «КамАЗ-Инжиниринг», «Көкшетау Жылу» сияқты жекелеген мекемелер межеден кем түсті. Егер олар өз жоспарлары үдесінен шыққанда қала өнім өндірушілері бұдан да биік белестен көрінген болар еді. Бұл ұжымдардың көрсеткіштерін кейін тартқан себептер анықталған. Кейбір өндірістік мәселелер қолбайлау болып тұр. Олар шешілген соң, осы бағыттан таймаса қала тоғыз айды жақсы көрсеткіштермен қорытындылайды. Ал, ол – жылды ойдағыдай қорытындылауға негіз. Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ермек Маржықпаев аулаларда салынып жатқан ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтарды күтіп ұстауды, төселіп жатқан жолдардың сапасына баса назар аударуды, жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустардың қолайлылығын жетілдіре түсуді, жылу маусымына дайындықты одан әрі пысықтауды тапсырды. Орынсыз жерге күл-қоқыс төгу, көше тәртібі қадағалану, тазалыққа мән беру қажеттігі ескертілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс