Әр үй, әр ғимаратқа ие керек

Соңғы уақытта әр деңгейлердегі әкімдер, олардың орынбасарлары, басқармалар мен бөлімдер жетекшілері тұрғындарды жиі қабылдайды. Сондай-ақ, қалалық әкімшіліктің де тұрғындарға есігі ашық, бірінші қабаттағы арнайы жасақталған орында кездесу жиі өтеді. Өткен жұма күні де қала әкімі А.Смайылов алдын ала жазылған сегіз адамды қабылдап, қойған сұрақтарына жауап беріп, бірқатарының мәселелерін сол арада-ақ бөлім басшыларымен ақылдаса отырып шешті.

Қабылдауда айтылған негізгі сұрақтар кейбір көпқабатты үйлерде ПИК-тердің болмауы салдарынан орын алып отырған келеңсіздіктер, сапасыз салынған үйлердің кейбір пәтерлерінің сыз тартуы, орталық газ желісіне кейбір үйлерді қосар алдындағы дайындық – опрессовка жасау, қаланың шеткі көшелерін жарықтандыру, орталық су, канализация желілеріне қосу болды.
Жиі болатын қабыл-дауларға қатыса жүріп аңғарғанымыз – көп қабатты үйлердің ПИК-терге бірігуін тұрғындардың өздері шешіп, төрағаларын сайлап, соның маңайына бірігуді жүзеге асыра алмай отырғандығы. Көп тұрғын төрағаны сырттан, әкімшілік ұйғарымымен тағайындалады деп ойлап, белсенділік танытқысы келмейді. Тек сол тағайындалған адамнан үйдің жөнделуін, сыртқы кейпінің өзгеруін, төбесінен су ақпауын, қабырғалардың сыз тартпауын талап етіп қана отыруды қалайды. Ал, сол көпқабатты үйдің жеке иелік нысаны екенін түсінгілері келмейді. Демек, әр тұрғын белсенділік танытып, ұйымдасып, ортадан іскер, жауапкершілігі жоғары бір адамды сайлап, оның жұмысына жанашырлық білдіріп, қажетті қаражатты жинап, оны орынымен жұмсап отырса ғана көп мәселе оңға шешілмек.
Бұл жолғы әкім қабылдауында И.Роговский, К.Құрманғожин, Р.Айткенова, В.Высочин, Т.Музыкина сияқты азаматтар болып, сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін айтысты.

С.Сапарұлы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий