Әскерге шығарып салды

Көктемгі шақыруға іліккен 40 бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге дайын.

«Достар» мәдениет сарайында облыстық Қорғаныс департаменті мен ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған әскерге шығарып салу рәсіміне ата-аналар да келді. Болашақ сарбаздарға облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов ақ жол тіледі.

Мұндай шаралар жас-өспірімдерді Қазақстан Респуб-ликасының Қарулы Күштері қата-рында қызмет етуге қызықтыруды көздейді. Әрі еліміздің шекарасын қорғап, тәуелсіздігімізді баянды ететін де келешек ұрпақ. Бүгінгі таңда қазақстандық әскер жоғары сапалы дайындықтан өткен, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алып күш. Бұл күні әскерге шақырылған бозбалаларға ведомство басшылары тілегін айтып, сыйлықтар тарту етті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий