Әскери-патриоттық әндер байқауы өтті

Жеңіс күні қарсаңында Тәуелсіздік алаңында қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектептер арасында дәстүрлі саптық жүріс, патриоттық әндер байқауы өтті.

DSC_3220Шараға соғыс арда-герлері, тыл еңбеккерлері, жауынгер-интернационалистер қонақ ретінде шақырылды. Байқауға қатысушылар алдында сөз сөйлеген қала әкімі Амангелді Смайылов осындай шаралардың өткізілуі жастарға рухани тәрбие беріп, отансүйгіштікке баулудың негізі болып табылатынын атап өтті.
Байқау барысында командалар саптық жүріспен жүріп өтіп, патриоттық тақырыптағы әндерді шырқады. Сонымен қатар олар теория жүзінде алған білімдерін практикада да сынап көрді. Түрлі сала мамандарынан құралған қазылар алқасы орындаушылардың сахналық киімдерін, ән шырқаудағы дауыс ырғағын бағалады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталды. Үшінші орыннан көрінген №14 орта мектепке қала әкімінің атынан алғашқы әскери дайындық кабинетінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 75 мың теңгенің, екінші орын алған №7 орта мектепке 100 мың теңгенің, бірінші орынды олжалаған М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясына 150 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Үздіктер қатарынан көрінген №8 орта мектеп взводы 200 мың теңгенің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы – Сейітжан Жүсіпов. Взвод командирі, 11 сынып оқушысы Мағжан Қайырымденов қазақ күресінен қалалық, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий