Әскери қызметкерлерді құттықтады

Қала әкімі А.Смайылов қала тәртібін сақтап, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 5510 әскери бөліміне барып, әскери қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Сіздер қаламыздың тұрғындары үшін олардың қауіпсіздігін сақтап, тәртіпсіздіктерді болдырмай, қылмыстың алдын алып, көп көмек көрсетіп келесіздер. Отан алдындағы борышты адал атқару – әр азаматтың асыл міндеті. Сіздер сол міндеттеріңізді жауапкершілікпен атқарудасыздар, – деді қала басшысы олармен кездесу үстінде.
А.Смайылов жауынгерлердің қару-жарағы, әскери техникалары, казармалары, асханалары, спорттық алаңдары, оқу-жаттығу өткізетін орындарымен танысып, әскерге алынғандарына үш-төрт күн ғана болған жас жауынгерлермен және олардың командирлерімен пікірлесіп, естелік суретке түсті.
Үздік қызмет атқарғандары үшін бірнеше сержанттар мен офицерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Мереке құрметіне әскери бөлімге мультимедиялық проектор сыйға тартты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий