Әскери қызмет келісім-шарт бойынша

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қарулы Күштерге жауапты да маңызды міндеттер жүктелуде. Осыған орай әскери қызметтің сапасын жақсартып, жауынгерлердің даярлықтарын жетілдіруге айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл орайда жас адамның Отанын қорғау үшін келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқару өміршеңдік сипат алуда.

Бекзат КӨШКЕНОВА,
Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі
басқарма басшысының қоғаммен байланыс
бойынша көмекшісі

Қарулы Күштерді дамыту жоспарына сәйкес қазақстандық әскер де келісім-шарт бойынша қызметке біртіндеп көшуде. Азаматтардың мұндай қадам жасауының әртүрлі себебі бар. Ең бастысы, қаржы тапшылығы, тұрмыстық жағдайдың ауырлығы, атап айтқанда, тұрақты және жоғары төлем ақы, анықталған уақыттан кейін баспана алу мүмкіндігі, заңмен орнатылған жеңілдіктер, әскери киім-кешек пен медициналық қызмет, «азаматтық» жұмысқа қарағанда ертерек зейнетақы жасына жету, т.б. Келісім-шарт – бұл өз еркімен әскери қызмет ету. Мұндай уағдаластық үш, бес және он жылға жазбаша түрде жасалынады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілер туралы» Заң бойынша келісім-шартта әскери қызметке түсетін тұлғалар үшін талаптар анықталған: Қазақстан Республикасының азаматтығы, жасы он тоғыз жастан кем емес, әскери-есептік мамандығы, мерзімді әскери қызметтен өтуі немесе Қорғаныс министрлігінің әскери кафедрасында оқудан өту.
Келісім-шарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметші Қазақстан Республикасы заңдарымен және Ата заңмен орнатылған құқықтарды пайдалана алады. Құқықтардың ішінде – командирлердің және басқа лауазымдық тұлғалардың өзіне әділ және сыйлы қатынасы, мемлекет есебінен қаржылық қамтамасыз етілді, зейнетақы, әлеуметтік және құқықтық қорғаныс, денсаулығын сақтау, келісім-шартты ұзарту, өзгерту және бұзу, қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес келетін қызмет шарттары, демалыс, баспана, басқа да кепіл және өтем ақыларды ұсыну. Егер сіздің жоғары немесе арнайы орта біліміңіз бар, денсаулығыңыз мықты және өміріңізді Отанға қызмет етуге арнауға қаласаңыз, әріптестікке шақырамыз. Толық ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Әуелбеков көшесі, 28.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс