Өзара ынтымақтастық артады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Чехияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рудольф Гиклмен кездесті. Қос тарап өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық тетіктерін талқылап, өзара әріптестікке уағдаласты.
Қазақстан мен Чехияның сауда-экономикалық қаржы айналымы 1 млрд доллар. Қазақстаннан мұнай өнімдері экспортталып келсе, Чехиядан автокөлік бөлшектері, компьютерлік технологиялар тасымалданған. Былтыр пандемия салдарынан және әлем нарығында мұнай бағасының құлдырауы себепті қос тараптың алыс-берісі шамамен 450 млн долларды құраған. Мұны ескерген екі елдің өкілдері өзара ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін іздестіруде. «Сіздерде мал шаруашылығы жақсы дамыған. Асыл тұқымды симменталь ет-сүтті сиырына сұраныс жоғары. Қаңтар айында біздің облысқа 150 асыл тұқымды ірі қара әкелінді. Бұл бағытта сіздермен әріптестікке ниеттіміз. Біздің тараптан жоғары сапалы ұн, астық, майлы дақылдар ұсына аламыз. Өндіріс саласында да әріптестікке негіз бар. Біздің облыста Қазақстан Республикасында қолданылатын подшипниктің 100 пайызы, арнайы техниканың 60 пайызы жасалады. Еліміз бойынша екі комбайнның бірі біздің облыста құрастырылады», – деді өңір басшысы.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий