Өзара қолғап түйістірді

Красный Яр селосында жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мереке Жүсіповтің құрметіне бокстан халықаралық турнир ұйымдастырылды. Осымен 18-ші рет жалауын көтерген дәстүрлі жарыста Германия, Ресей, Қырғызстан және еліміздің әр аймағынан 22 құрама команда, жалпы саны 180 спортшы бақ сынады. Турнирдің ашылу рәсіміне Көкше-тау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қатысты.
Қала әкімі өз сөзінде бұл турнирдің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, белгілі былғары қолғап шебері Мереке Жүсіповті үлгі-өнеге ете отырып, боксты насихаттау, жас боксшылардың спорттық шеберлігін ұштау екенін айтып өтті. – Жасөспірімдер арасынан лайықты спортшылар шығып, мықтылары жеңіске жетеді деген үміттеміз,–деді ол.
Турнир тартысты бас-талды. Боксқа шынайы беріліп, талай жарыс-тарда шынығып қалған жас спортшылар шаршы алаңға сақадай сайланып шыққан. Спортшылар бірнеше күн бойы шаршы алаңда қолғап түйістіріп, техникалық, тактикалық шеберлік көрсете білді.
* * *
Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов Красный Яр селосында 2017 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған «Мансұр» балабақшасында болды. Қазіргі күні мұнда жүзу бассейнінің құрылысы басталған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі басшылығының мәліметінше, бассейн осы аумақтағы көршілес балабақша бүлдіршіндеріне де арнап салынуда. Құрылыс алаңында мердігерлермен кездескен қала басшысы жұмыс кестесін ілгерілетіп, материалдардың сапасына көңіл бөлуді тапсырды.

А.АЙҒАРА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий