Өзбекстандық кәсіпкерлер Көкшетаудың өндіріс орындарын аралады

Өзбекстанның Сырдария облысынан өңірге жұмыс сапарымен келген арнайы делегация облыс орталығындағы кәсіпорындарды аралап көрді. Сапар барысында Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Өзбекстандық делегация алдымен «Тыныс» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Қазір кәсіпорында 800-ден астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорын еліміздің және Ресей, Өзбекстан, Украина тұтынушыларын әуе техникасы өндірісі тораптарымен, медициналық техникалармен, өрт сөндіру жабдықтарымен, қысым өлшеу жарақтарымен, таразы және полиэтилен құбырларымен қамтамасыз етіп отыр. Өз кезегінде өзбекстандық кәсіпкерлер кәсіпорынның жетістіктеріне қызығушылық танытып, өндірістің инвестициялық мүмкіндігін жоғары деп бағалады.

Ет, шұжық өнімдерінің 70 түрін шығарып, «Қазақстанның азық-түлік рыногы көрмесінің 10 алтын медалін жеңіп алған «МПЗ Бижан» фирмасы  өлке дамуына жаңа леп қосуда. 2013 жылы шұжық, жартылай шикізат, консерві жасайтын және тоңазытқыш жасайтын цехтардың құрылысы қолға алынды. Қазіргі кезде, тәулігіне 5 мың тонна шұжық пен 20 мың тонна консервіде бұқтырылған ет шығаратын цех жұмыс істейді. Серіктестік директоры Шәкихан Антаевтың айтуынша, «Халал» стандартымен жұмыс істейтін кәсіпорында Германияның озық жабдықтары орнатылып, заманауи технологиясы қолданылуда. Жаңа комбинатта Германияның озық жабдықтары орнатылып, заманауи технологиясы қолданылады. Кәсіпорынның өндірістік желісінің жалпы құны 98 миллион теңгені құрайды. Осындай серпінді ұмтылыстар арқылы серіктестік Елбасының экспорттық әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындауға салмақты үлес қосуды мақсат тұтып келеді.

«Үдемелi индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша жұмыс iстеудi қолға алып отырған  «Ақмола Бидай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорнын  аралап көрген делегация мүшелері мұндағы жұмыс сапасына, қолданылып отырған жаңа технологиялар жүйесiне ризашылығын бiлдiрдi. 2013 жылы диірмен құрылысын салу басталып, бір жылдан кейін түріктің озық технологиялық қондырғысы орнатылған кешен алдағы көктемде іске қосылады деп күтілуде. Мұнда орнатылған шетелдік жабдық тәулігіне 200 тонна ұн өндіреді.  Серіктестік өз өнімдерімен ішкі рынокты ғана қамтамасыз етіп қоймай, экспортқа да шығаруды көздеп отыр. Серіктестік директоры Абдул Халил Наджибула қала әкімін  жаңа заман диірмендері қалай жұмыс жасайтынын көрсетіп, кешен ішін аралатып шықты. Түрік технологиясымен құрылған  диірменнің өндіріс жүйесі автоматты түрде жұмыс жасайды.  Бидайды тазалау, жуу, кептіру, тарту, қапқа орау сияқты жұмыстардың бәрі техниканың қолында. Екінші бір артықшылығы өнім алыс және шет елге шығаруға негізделіп отырғандығында. –КәсіпорындардыңDSC_4672 қай-қайсы болмасын өз саласына әбден машықтанған. Олар кез-келген ірі өндіріс орындарымен байланыс жасап, өз істерін жалғастырып әкете алады. Ал, ондай іргелі өндіріс ошақтары еліміздің өзге өңірлерінде де аз емес. Біз тек осы бағытта дәнекер болуымыз қажет, – деді қала әкімі Ермек Маржықпаев. Делегация өкілдері болашақта екі ел арасында барлық саладағы мүмкіндіктерді біріктіруге күш салынады деген сенімде екендіктерін жеткізді.

 

Әсем ЖҮНІС.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий