Өзекті мәселелер жайлы сөз болды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Мыржыкпаев 29 маусымда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдады.

Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Әсен Құлтеміров С.Жүнісов көшесіне жаяу жүргіншілер өтетін жол салып, тиісті белгілер қойылса деген тілегін жеткізді. Қала басшысы аталған мәселе бойынша сала басшыларына тапсырма берді. Қала тұрғыны Галина Кравцова Вернадский көшесіндегі 13-ші үйдің жедел сатысының әбден ескіріп, істен шыққанын алға тартты. «2015 жылдан бастап қаладағы лифтілерді жөндеу жұмыстары қолға алынды. Сол уақыттан бері 27 жеделсаты жөндеуден өтті. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Биыл тағы 12 лифт қалпына келтіріледі. Аталған жұмысқа мемлекеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Келер жылы 10 лифт жөнделетін болады», – деген қала әкімі тұрғындар көтерген мәселенің де назарға алынатынын атап өтті. Красный Яр селосының тұрғыны Ольга Тейфс жер үйлерді жылумен қамтуға көмек көрсетуді сұрады. «Қалада 860 тұрғын үй бар. Оның жартысынан көбінің инженерлік желілері ескірген. Алайда, жылу желілерін бір күнде қалпына келтіру мүмкін емес. Қала іргесіндегі Красный Яр селосында да біраз шаруа тындырылды. Мектеп салынып, жолдар асфальтталып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Әлі де атқарылатын жұмыс аз емес»,–деген қала басшысы жылу құбырларын өткізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқанын, барлығы заң аясында шешілетінін жеткізді. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған қала басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс